Адиля Бақамбекова

Мамандығы: электрондық және электротехникалық инженерия. Тағылымдама: Дьюк университеті, АҚШ.

Ол фильмдерді сюжеті үшін емес өз сенімін қайта саралу үшін көреді. Жасы 22-де, астанадағы университеттердің бірінде «Инженерия мектебін» тамамдап жатыр. Адиля Бақамбекова – бір қарағанда қарапайым жан сияқты: паркте серуендегенді, пауэрлифтингпен айналысқанды, өзінің күшігімен уақыт өткізгенді  жақсы көреді. Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазы логикаға деген қызығушылығын оятуға көмектескен оқытушыларына алғысын білдіреді.  Бірнеше жылдардан кейін докторантураға түсу жоспарында бар.

Электрондық инженерияға деген қызығушылығыңыз қашан пайда болды?
Жоғары сыныптарда, яғни физика және математика пәндерінде десем болады. Менің ұстаздарым – Жанна Борисовна Кашкеева мен Гүлнара Кенжебайқызы Апеева – менің бойыма логикаға, дәйектілікке деген сүйіспеншілікті ұялатты. Бұл екі тұжырымдама да адамзатқа үлкен пайдасын әкеледі деп санаймын. Сонымен бірге, маған «электрмен жұмыс істейтін» барлық заттардың ұнайтынын түсіндім (телефондар, компьютерлер, теледидарлар және т.б.).

Қор байқауы қандай ерекшелігімен есіңізде қалды?
Топтық сұхбат өте қызықты болды, уақыт жылдам өтіп кетті десемде болады. Мен табиғаты әзілкеш жанмын, қалжыңдағанды ​​ұнатамын, сондықтан болар уақытты тамаша өткіздім. Сонымен қатар, қызықты адамдардың ортасына тап болдым! Байқау оңай болды: қойылған сұрақтарға жеңіл жауаптар бердім және тек жағымды эмоциялар алуғатыр ыстым. Менің қолымнан келді.

Тағылымдамада немен айналыстыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Тағылымдама барысында мен біріккен нейрондық желілерді аппараттық енгізумен айналыстым – бұл осылай аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, әртүрлі электрондық құрылғылардан адам миының жұмыс істеу қағидаларына негізделген ақпаратты өңдейтін чип жинауға тырыстым. Дьюк университетіндегі ғылыми-зерттеу тобында өз ісіне ғашық адардардың қалай жұмыс істейтінін көрдім. Олар бар уақыттарын зертханада қуана өткізеді. Жоба аяқталған жоқ, мен оны әрі қарай өзімнің дипломдық жұмысымда жалғастырдым.  Биылғы жылы ғылыми мақала шығады деп ойлаймын.

Әрі қарай немен айналыспақсыз?
Барлық емтихандарды тапсырып, бакалавр дәрежесін қорғап шықтым. Академиялық мансабымды профессор Саламадың жетекшілігімен, докторлық бағдарламаға түскен, KAUST университетінде жалғастыруды жоспарлап отырмын.

Құттықтаймын! Байқауларға қатысуға тәуекел етпейтін, ата-аналары талап ететін мамандықты таңдайтын, өз күшіне сенбейтін жастарға не айтар едіңіз?
Өзің басқара алмайтын аймақ үшін алаңдама деген философия бар. Жастарға айтар кеңесім – сіздің бақылау аймағыңызда нақты не бар екенін түсініңіз және де оны жақсылап басқарыңыз.

15.05.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 85