Yessenov IELTS Pro
САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.
Shakhmardan Yessenov Foundation «Yessenov IELTS Pro» байқауын жариялап, IELTS халықаралық емтиханына дайындық бойынша тегін онлайн оқуға 80-ге дейін білім беру грантын ұсынады.
ЕГЕР СЕН:
- 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы болсаң;
- бакалавриат, магистратура немесе докторантурада күндізгі бөлімде оқитын студент не жұмыс істеп жүрген маман болсаң;
- жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе денсаулық сақтау бағыттарының бірінде білім алсаң немесе жұмыс істесең;
- ағылшын тілін B1 деңгейінен төмен емес дәрежеде меңгерсең;
- әрі қарай білім алу және кәсіби даму үшін ағылшын тілі деңгейіңді көтеріп, IELTS емтиханына дайындалғың келсе,
ГРАНТ ҰТЫП, IELTS емтиханына дайындық бойынша тегін онлайн курстан өтуге мүмкіндігің бар!
Оқу Ұлыбританияның жетекші білім беру орталығы Bonas MacFarlane Education-мен бірлесіп, 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы мамырға дейін өтеді. Сабақтар аптасына 2 рет, 90 минуттан өткізіледі.
Оқу қорытындысы бойынша Қор үздік 25 қатысушыны анықтап, олардың IELTS емтиханын тапсыру ақысын қосымша төлейді.
Қатысу үшін 2026 жылғы 22 қыркүйектен 21 қазанға дейін қоса алғанда Қордың сайтында онлайн өтінімді толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- «IELTS сертификатын алу менің кәсіби даму бағытыма қалай әсер етуі мүмкін?» тақырыбында көлемі 700 сөзден аспайтын эссе.
Қосымша құжаттар:
- ғылыми жетістіктерді растайтын сертификаттар/дипломдар – 2 (екі) данадан аспауы тиіс;
- қоғамдық белсенділік пен волонтерлік қызметті растайтын сертификаттар – 3 (үш) данадан аспауы тиіс;
- жарияланымдар – 2 (екі) данадан аспауы тиіс;
- ғылыми жетекшінің/кафедра меңгерушісінің ұсыным хаты – 1 (бір) данадан аспауы тиіс;
- соттылығының болуы/болмауы туралы анықтама.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 21 қазанда Астана уақытымен (GMT+5) сағат 15:00-де аяқталады.
*Қосымша құжаттарды ұсыну міндетті емес, алайда олар өтінімдерді қарау кезінде ескеріледі. Қор сертификаттардың шектеулі санын ғана қарастырады. Үміткер өзінің жетістіктерін барынша жақсы көрсететін құжаттарды өзі іріктеуі қажет.
Көру саны: 144
