“Өрлеу” бағдарламасында 5 жеңімпаз бар
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры «Өрлеу» бағдарламасының байқауын аяқтады. Аталмыш байқау биылғы жылы екінші рет өтіп отыр. Нәтижесінде бес жеңімпаз анықталды. Барлық жастар аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан және де олардың барлығына өздері таңдаған Қазақстанның жоо-ның бакалавриатындағы оқу жылының ақысы төленеді. Байқаудың қалай өткені жайлы Yessenov Foundation атқарушы директоры Айғаным Малишева айтып береді.
Бізді бағдарламаның жеңімпаздарымен таныстырып өтуіңізді өтінеміз.
Олардың екеуі – Қымбат Оқас және Ануарбек Ашықбаев – өткен жылдың жеңімпаздары. Жеңімпаздар жыл бойы жақсы оқыды, бұл жөнінде олардың транскрипттері және GPA балдары (тиісінше, 2,68 және 2,65) куәландырады, және де олар грантқа өтінімді қайтадан беріп отыр. Осылайша, жеңіске жетіп, олар өздеріне жоо-да білім алудың екінші жылына төлем жасалуына кепілдік берді. Екеуі де – Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері. Басқа үш жеңімпаз – жаңа қатысушылар, бірінші курс студенттері, мектепті жаңа ғана бітірген түлектер. Әйгерім Мақсет, 17 жаста, көп балалы отбасынан шыққан, Маңғыстау облысының тумасы, ол оқуға түсіп, SDU-да біздің грантымызбен оқитын болады. Әйгерім математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Камилла Исмаилова 16 жаста, ол Алматының тұрғыны, бұл жеңімпазымыз ҚазҰМУ-ға жалпы медицинаға оқуға түсуді жоспарлап отыр. 17 жастағы Рашид Досмамбетов Семей медициналық университетінде жеңіп алған Есенов қорының грантына білім алатын болады. Жасөспірімнің жоспарында стоматолог мамандығы бойынша білім алу.
Үміткерлердің басым бөлігі медициналық мамандықтарды таңдайтынын қалай тсүіндіре аласыз?
Менің ойымша, бұл аталған мамандықтарға жоғары бәсекелестікпен байланысты, сондай-ақ оған ҰБТ-ның өту баллы жоғары – 70. Білім алу үшін төлем сомасы үлкен және де көптеген отбасылардың оны төлеуге жағдайлары жоқ. Мысалы, стоматология факультетінде оқыту құны 1 400 000 теңгені құрайды, ал жалпы медицина 1 200 000 теңгеден азырақ тұрады. Бұл Асфендияров атындағы ҚазҰМУ деректері, білім алуға өтінімдердің көп бөлігі тап сол жерге келіп түседі. Алайда басқа да жоғары оқу орындарында оқыту құны дәл осындай.
Биылғы жылы «Өрлеу» бағдарламасының байқауы қалай өтті?
Барлығы 41 өтінім алдық. Бұл өткен жылға қарағанда, 20%-ға көп. Бағдарлама туралы бұдан да көп үміткерлер біліп жатыр, ал бұл өз кезегінде бізді қуантады. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша, бағалаудан және барлық құжаттарды тексеруден кейін 13 үздік өтінімді таңдадық. Олар келесі критерийлер бойынша бағаланды: ҰБТ баллы, уәждемелік хат, академиялық жетістіктер, ізденушінің әлеуметтік мәртебесі. Еске сала кетейін: біздің бағдарламамыз ең алдымен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жасөспірімдерге бағытталған. Екінші кезең қор бағдарламаларының шеңберінде іріктеулерді бірнеше жыл бойы өткізіп жүрген және өзін өте жақсы танытқан психолог-жаттықтырушымыз Елена Амрееваның қатысуымен дәстүрлі түрде онлайн-сұхбаттасу форматында өтті. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша біз 5 ең мықты үміткерді таңдадық (олардың екеуі – бағдарламаның бірінші жылының жеңімпаздары).
Бағдарламаның ережесіне сәйкес, гранттардың саны – 10-ға дейін.
Ия, дәл солай. Бағдарламаның тек қана 4 финалист таңдаған кездегі алғашқы жылындағыдай, гранттың иегері бола алатын, бірақ-та өзін соңына дейін көрсетпеген үміткерлерге ешқашан «жәрдемдеспейміз». Өткен жылдың екі жеңімпазын, яғни, екінші курс студенттерін қоса алғанда, осындай жастар биылғы жылы бізде бесеу.
Жеңімпаздарды қандай критерийлер бойынша таңдайсыздар?
Міндеттерді қойған кезде анықтық және айғақтылық, оқу және жаңа ақпаратты жылдам қабылдау және талдау қабілеті, эмоциялық интеллект және эмпатия деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеттер және коммуникативтілік, жаңа жағдайға бейімделу (стресске төзімділік) және стандарттық емес шешімдерді табу қабілеті, сонымен қатар белсенді өмірлік ұстаным. Тілдерді білу де есепке алынды.
Сіздің пікіріңіз бойынша, байқаудың қатысушыларына қандай қасиет жетіспейді? Оларға жеңіске жету үшін, нені жетілдіру, қандай дағдыларды күшейту немесе үйрену қажет?
Ең бастысы, бағдарламаның ережесін мұқият оқу және де құжаттардың барлық пакетін жинауға тырысу қажет. Себебі бұл да грантты алу ниетін көрсетеді. Эссені жазған кезде интернеттен алынған дайын мәтіндерді пайдаланбаған жөн. Біз барлық мәтіндерді плагиатқа тексереміз. Және де, әлбетте, іріктеу кезіндегі сұхбаттасуда өзіңізді еркін ұстап, сұрақтарға шынайы жауап беру және белсенді болу қажет. Міне, сәттілік формуласы осындай.
21.08.23, Жаңалықтар
Көру саны: 333