Айгерім Абдрахман

Мамандығы: ақпараттық жүйелер. Yessenov Data Lab бағдарламасының жеңімпазы.

Қазақстандағы ММУ филиалының 2023 жылғы түлегі Айгерім (23 жаста) Yessenov Foundation ұйымдастырған деректер талдаушыларына арналған жазғы мектепке өтінім беріп, байқауға дайындалып, Yessenov Foundation грантын жеңіп алды. Сол жазда ол Yessenov Data Lab (YDL) бағдарламасы аясында 4 апталық оқудан өтті. Бұл тәжірибе қазақстандық қыздың мансабына және оның сурет салуға деген қызығушылығына қалай ықпал етті? Осы сұхбатында Айгерім пайдалы кеңестерімен және болашақ жоспарларымен бөліседі.

Сіздің қазіргі кәсібіңіз қандай, нақты немен айналысасыз?
Еуропада автокөлік бөлшектері мен автоаксессуарларды сатумен айналысатын технологиялық компанияда деректер инженері болып жұмыс істеймін. Менің міндеттеріме деректерді өңдеу процестерін әзірлеу және оңтайландыру, ETL-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ әртүрлі дереккөздерді біріктіру кіреді. Бұл деректерді талдау мен машиналық оқытуға ыңғайлы әрі тиімді пайдалану үшін жасалады.

Бұл сала cізді несімен қызықтырады?
Деректермен жұмыс істеу аналитиканы, логиканы және шығармашылықты ұштастыратыны ұнайды. Күн сайын жаңа тапсырмаларды шешуге, деректерді өңдеу мен құрылымдаудың тиімді жолдарын табуға тура келеді — бұл процесті өте серпінді етеді. Сонымен қатар, жұмыс нәтижелері бизнес шешімдерге тікелей әсер етіп, компанияларға үдерістерді оңтайландыруға және ресурстарды үнемдеуге көмектеседі.

YDL гранты байқауынан жарқын естелігіңіз қандай?
Өтінім беруге дайындық процесі ерекше есте қалды. Портфолиомды жинап, мотивациялық хат жазып, дипломымның транскриптін оқу бөлімінен алу үшін ұзақ уақыт әрекет еттім, өйткені сол кезде бір пәнім әлі жабылмаған еді. Сол пәнді жедел тапсырып, Есенов қорының байқауына өтінім беріп үлгеруім керек болды. Бұл оңай болмағанымен, өте құнды тәжірибе болды — маған табандылықты және қатаң дедлайн жағдайында жұмыс істеуді үйретті.

Жазғы мектеп қалай өтті?
Жазғы мектеп 4 аптаға созылды. Деректерді талдау үшін Python тілінде бағдарламалауды, статистикалық әдістерді, деректерді алдын ала өңдеу, визуализация, болжау және машиналық оқытуды үйрендік. Дәрістер, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар болды. Сонымен қатар, әр аптада жеке жобалармен жұмыс істедік және оларды әр жұма сайын ұсынып отырдық. Ең маңыздысы — алынған білімді нақты тапсырмаларды шешуде бірден қолдану болды, бұл олардың практикалық маңызын тереңірек түсінуге көмектесті.

Айгерім, YDL интенсиві Сізге не үйретті?
Бұл бағдарламаға өтінім берген кезде университетті енді бітіріп жатқан едім әрі деректер саласында дамуға мүмкіндік іздеп, өзіме болашақта не қызықты екенін түсінуге тырысып жүрген кезім еді. YDL-де дәріс берген мамандар — саланың тәжірибелі, индустрияда жұмыс істейтін кәсіби мамандары болды. Жазғы мектеп маған компаниялар күнделікті кездесетін нақты кейстерді шешуді үйретті және портфолиомды толықтырған бағалы практикалық тәжірибе берді.

Қай оқытушы ерекше есіңізде қалды?
Айгерім Садықова
. Онымен өткен бір апталық интенсив кезінде деректер аналитикасы тек сандармен жұмыс емес, сондай-ақ шығармашылықты қажет ететін үдеріс екенін түсіндім. Бұл салада барлық жағдайға бірдей келетін әмбебап алгоритмдер жоқ болғандықтан, қолдағы деректерге бейімделе отырып, стандарттан тыс ойлай білу өте маңызды екенін ұқтым.

Қазір немен айналысып жүрсіз және алдағы бір-екі жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Қазіргі уақытта деректер инженері болып жұмыс істеймін және осы салада әрі қарай дамуды жоспарлап отырмын. Кейінірек бұлтты технологиялар мен деректерді өңдеудің ауқымды жүйелерімен айналысқым келеді. Сондай-ақ, деректер архитектурасы мен үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау және өңдеу инфрақұрылымын оңтайландыру бағытында да дамуға қызығушылығым бар. Әзірге жоспарлар осындай.

Қай жақтың тумасы боласыз? Балалық шағыңыздағы ең жарқын естеліктеріңіз қандай?
Мен Астанаданмын. Балалық шағымдағы ең жарқын естеліктердің бірі — қыс мезгілі. Қала ертегі әлеміне айналып, коньки тебу, аулада қармен ойнау, қаланың басты көшелеріндегі Жаңа жылдық шамдар ерекше атмосфера сыйлайтын. Астана мен үшін қыстың ызғарына қарамастан, әрқашан отбасылық жылулық пен жайлылықпен ассоциацияланады.

Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?
IT саласымен ғана шектеліп қалмауға тырысамын. Қазір акрил бояуымен кенепке сурет салуға әуестеніп жүрмін. Бұл хобби демалуға, ойды сергітуге және логикалық ойлаудан интуитивті сезімге ауысуға көмектеседі. Сурет салып жатқанда түрлі тақырыптағы подкасттарды тыңдаймын — бұл шығармашылық процессте одан әі.

21.04.25, Жетістік тарихы

Көру саны: 70