Yessenov Data Lab 2023

Сайт бетінің төменгі жағында орналасқан бағдарлама Ережесімен толық танысып шығуыңызды өтінемін. 

Yessenov Data Lab 2023 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық онлайн-интенсив.

Мектепті өткізу мерзімі: 12 маусым – 8 шілде 2023.

Қатысушылар саны: 20 адам.

Бағдарламаның шарттары:

Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • күшті аналитикалық қабілеттер;
  • Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылығы пен ниеті;
  • статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.

Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек:

  • CPU Intel Core i3 және AMD Ryzen 3 және одан жоғары
  • RAM (RAM) 4 Гб және одан жоғары.

Артықшылық болып табылады:

  • ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
  • өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
  • бағдарламалау қабілеті;
  • B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.

Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтерін пайдаланылуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 ж. 10 наурыздан 11 сәуірге дейін.

Қордың сайтында өтінімді толтыру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
  3. «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
  4. Түйіндеме;
  5. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және тиісті растауларды ұсыну: меншікті ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.;
  6. Ағылшын тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).

*Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы «11» сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Жеңімпаздар
Downloaded: 30, Size: 10.8 KB

Көру саны: 183