Жәнібек Нәзімбек
Мамандығы: жалпы медицина. Есенов шәкіртақысының иегері.
Жәнібек (22) Шымкенттің тумасы, қазіргі таңда ол Түркістандағы Х.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бесінші курс студенті. Университеттегі студенттік ғылыми қоғамын басқарды. Біраз түрік тілін біледі, өзбек және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөледі: бір жылдың ішінде өзінің GPA-ін 3.2-ге дейін көтерді. 2019 жылы академик Ш.Есеновтің беделді шәкіртақысын жеңіп алды.
Студент Ташкент, Қарағанды, Алматы және Семей қалаларында өткен бірнеше ғылыми конференцияларға қатысты. Ал, өткен жылы медициналық форум аясында онкологиядағы терапияның тиімділігін рентгендік бағалау бойынша семинарға қатысты. Болашақ дәрігер жұмыстан қашпайды. Алғашқы төрт курста ол демалыс аймағында даяшы болып жұмыс істеді, ұялы телефондарды бағдарламалаумен және жөндеумен айналысты (мектеп қабырғасынан бұл туралы жақсы білетін, өйткені әрдайым техникаға қызығушылық танытатын).
Өз мамандығыңызды қашан және неліктен медицинамен байланыстыруды шештіңіз?
2-3 сыныпта. Әжем мен анам жол көрсетті. Менің отбасым маған ештеңеге қарамастан, көмекке мұқтаж адамдарға әрдайым қол ұшын беруді үйретті.
Есенов шәкіртақысының байқауынан өту қиынға түсті ма?
Мен үшін ол мүлдем жаңа нәрсе болды. Керемет жандармен, қызықты құрдастарыммен танысу қызықты болды. Бәріміз де әртүрлі саладан болғанымызға қарамастан, достасып кеттік. Қатысуға мүмкіндік алған барлық ойындар дәл кеше өткендей есімде. Тіпті, байқау күні де есімде — 31 наурыз.
Шәкіртақы Сізге көмектесті ме?
Шәкіртақыны өз қажеттіліктеріме жұмсадым. Көз жанарым нашарлады – көзілдірік алдым. Кейде туыстарыма материалдық жағынан қолдау көрсетіп, оқу үшін кітаптар сатып алатынмын.
Былтырғы оқыған кітаптарыңыздың қайсысы көбірек ұнады?
Нейрохирург Пол Каланитидің «Когда дыхание растворяется в воздухе» атты өмірбаяны. Онда ол өзінің ауруға дейінгі және одан кейінгі өмірін сипаттаған. Өзгелердің өмірін құтқарып жүргенде, ол 36 жасында аурудың өз есігін қағады деп ойламаған: өкпе қатерлі ісігі. Бәрі де өзгерді, енді ол талдау нәтижесін күтіп аурухана төсегінде жатыр… Алайда ауру оның жұмысын жалғастыруға, ота жасауға, жақындарын жақсы көруге және тіпті әке атануға кедергі болмады. Бұл соңғы күндері өлімнен гөрі өмірге толы болған жанның кітабы. Кітап мені бірдеңе бастау үшін ЕШҚАШАН кеш емес екенін түсінуге үйретті және оны кейінге қалдырудың қажеті жоқ.
Жәнібек, медицинадан басқа тағы неге қызығушылық танытасыз?
Көп нәрсеге. Жаңа нәрсені үйреніп, ашулар жасағанды ұнатамын. Мен үшін бұл хобби сияқты. Мысалы, теміржолда логистикамен айналыса аламын немесе байланысшы болып жұмыс істей аламын.
Қазір өміріңізде қандай қызықтар болуда және алдағы жоспарларыңыз қандай?
Биыл Шымкентте медициналық орталық құруға қатыстым. Оқуымды аяқтағаннан кейін, онда офтальмология бөлімін ашуды жоспарлап отырмын. Ал, осы жылдың басында, коронавирустық пандемияға дейін, Германияның DAAD бағдарламасы байқауының жеңімпазы атандым. Оның жеңімпаздары – ағылшын тілінде сөйлей алатын әлемдік университеттердің студенттері. Олар Германияға барып, неміс университеттерінің профессорларымен және студенттерімен жұмыс істеу және білім алу, ағылшын тілін жетілдіру, жаңа білім мен тәжірибе алу мүмкіндіктеріне ие болады. Үш неміс университеті бізді қабылдауға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай конкурста жеңіске жету және шақырту алу: тіпті доценттер, PhD докторлары және тәжірибелі профессорлар үшін де оңай емес. Өкінішке орай, әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты сапар белгісіз болып тұр. Алла қаласа, біз бұны да еңсереміз. Барлығымызға қиын-қыстау сәтте мықты денсаулық тілеймін.
9.07.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 149