Юлия Сабирова
Мамандығы: математикалық және компьютерлік модельдеу. Есенов шәкіртақысының иегері.
Әл-Фараби атын. ҚазҰУ-дың екінші курс магистранты 23 жаста. 2021 жылдың көктемінде Юлия Сабирова Shakhmardan Yessenov Foundation шәкіртақы байқауының 17 жеңімпазының қатарында болды. Бұл сұхбатында ол неліктен математиканы оқуға бел буғаны және қазақстандық академиктің шәкіртақысын қалай жеңіп алғаны және йоганың оның өмірінде неліктен маңызды орын алатыны туралы айтып берді.
Дәл осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сенбейтін шығарсыз, алайда, бала кезімнен математика мен жалпы техникалық пәндерді ұнататынмын. Таңдау сәті келгенде математикаға деген қызығушылықты бағдарламалаумен үйлестіре алатын жерде оқығым келетінін түсіндім. Мұндай мүмкіндікті «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы уәде етті. Осы саладағы мамандар бізді қоршаған процестерді сипаттайды және практикалық ұсыныстар жасайды. Алты жылғы оқуымның барысында таңдауыма еш өкінген емеспін.
Мұндай мамандық иелері әдетте қайда және кім болып жұмыс істейді?
Біздің біліміміздің ауқымы кең болғандықтан, түлектер банк саласында және IT-компанияларда (аналитиктер, мамандар, жоба менеджерлері, мәліметтер базасының инженерлері және т.б.) жұмыс істейді. Ал веб-әзірлеуді қалайтындары фронтенд-әзірлеушілер, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері, 1С бағдарламашылары болады немесе стартаптар жасап, өздерін 3D модельдеуге арнайды. Мамандығымыздың иегерлері арасында магистранттар да, сабақ беруге баратындары да бар.
Неліктен Есенов атындағы шәкіртақыға өтінім беруді шештіңіз?
Байқау туралы әріптесімнен біліп, бағымды сынап көруді жөн көрдім. Ешбір үмітсіз өтініш бердім, сондықтан да, ақтық сынға өткеніме, артынша жеңіске жеткеніме екі есе қуанышты болдым. Пайда болған барлық мүмкіндіктерді пайдаланудың қаншалықты маңызды екеніне тағы да көз жеткіздім. Тіпті теріс нәтиженің өзі де нәтиже және баға жетпес тәжірибе.
Юлия, сіз үшін байқау қалай өтті?
Маған уәждемелік хат жазу қатты ұнады. Онда ғылым туралы өз ойларыммен және оны дамыту үшін не істей алатыныммен бөлістім? Бұл менің ретсіз ойларымды құрылымдауға және өмірде осыған дейін не істегенімді талдауға көмектесті. Соңғы сұхбатта маған әртүрлі сұрақтар қойылды. Тек, онлайн өткені өкінішті болды. Басқа үміткерлермен, үздік студенттермен танысып, достасқым келді. Алайда, сұхбат алушылар сұхбат кезінде жайлы ортаны және достық атмосферасын қамтамасыз етті.
Неліктен дәл сіз жеңдіңіз және байқау қатысушыларына қандай кеңес бере аласыз?
Байқау ғылыми зерттеулермен айналысатын студенттерге бағытталған, ал мен ондай жұмыстарды университетіміздің кафедра тобының құрамында жүргіземін. Болашақ қатысушыларға арналған ұсыныстарға келетін болсақ: барынша шынайы, ашық болыңыз және еш алаңдамаңыз! Сұхбат барысында жетістіктеріңіз туралы сұрағанда, олар туралы бөлісуден ұялмаңыз, егжей-тегжейлі айтып беріңіз.
Алдағы бір-екі жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Пандемия басталғаннан бері ұзақ мерзімді жоспарлар маңызды емес нәрсе болып қалды, сондықтан «жағдайлар мүмкіндік берген кезде» деп жауап берейін. Биыл магистратураны аяқтаймын және университеттегі оқытушылықпен ұштастыра отырып, докторантураға түскім келеді. ҚазҰУ-дағы ғылыми топ құрамында жұмысымды жалғастырамын.
Бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
Кез келген ақыл-ой жұмысы дене еңбегімен тең болуы керек. Мен йоганы таңдадым және де күнделікті жаттығуға 30-60 минут бөлуге тырысамын. Йоганы дене туралы ғылым деп санауға болады, бұл сіздің денеңізді сергек, күшті, икемді және төзімді етудің тамаша тәсілі. Сонымен қатар тауға шығуды, коньки тебуді және жүзуді жақсы көремін. Бұл маған алға жылжуға күш береді, бойымды еркін ұстауға және отбасыммен көбірек уақыт өткізуме мүмкіндік береді. Отбасыма алғысымды білдіргім келеді. Әрбір адам үшін сенімді тылдың, қолдаудың және мотивацияның болуы өте маңызды және бұл орайда мен бақытты жанмын: өзімнің барлық жетістіктерім үшін отбасыма және ата-анама қарыздармын, тек солардың шексіз сүйіспеншілігінің арқасында бәрі де мүмкін болды.
16.12.21, Жетістік тарихы
Көру саны: 203