АЛҒАШҚЫ РЕТ ОЛАР 17

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы конкурсын аяқтады. Зертханалардағы ғылыми тағылымдамалардың үш бағдарламасын біреуге біріктіріп – қор алғашқы рет 17 жеңімпазды жариялайды. Болашақ ғалымдар тәжірибе және жаңа машықтар ала отырып жазды әлемнің тамаша зертханаларында өткізеді. Осылайша, 2013 жылдан бастап (қордың құрылған жылы) – 79 қазақстандық студент қордың ғылыми гранттарының жеңімпаздары клубына кірді.

— Бұл жылы біз бағдарламаның іріктеу конкурсына қатысуға рекордтық 238  өтінім алдық. Екінші тур үшін ең үздік 40  өтінімді таңдап алу қиынға түсті, өйткені біз өте көп лайықты өтінімдерді алдық. Алматы мен Астанада екінші турға ҚБТУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Nazarbayev University, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, және де Satbayev University студенттері шақырылған болатын, – деді қордың жобалар менеджері Роумиса Башаева. Бұл жылғы жеңімпаздардың ішінде ең көбі —  алтауы —  биология мен медицинаны зерттейді. Жеңімпаздардың тізімінде физиктер, химиктер, математиктер, болашақ электронды және компьютерлік инженерия бойынша маман және де компьютерлік ғылымдар және математика бойынша қосарланған мамандығы бар студенттер те бар. Астана мен Алматыдан бөлек, конкурста Семей, Қарағанды, және Қостанай тәрізді қалалар да бар.
Конкурстың ең жас жеңімпазы өзінің конкурс туралы әсерлерімен бөлісті.

— Мен өзімнің ғылыми тағылымдамалар грантын жеңіп алғаныма қуаныштымын. Шынын айтқанда, мен екінші турдан кейін екіойлы болдым. Өзімнің іріктеуде көрсеткен нәтижеме көңілім толды. Бірақ табысқа жететініме сенімім болмады, өйткені өзге қатысушылардың деңгейлері де жоғары болды. Маған сәттілік серік болып ақтық сынға шыға алдым. Мен өзіме ұсысынлан мүмкіндікті бағалаймын, және өз тарапымнан тағылымдама барысында өзімді жақсы жағымнан көрсетуге тырысамын, – деді Nazarbayev University 2-ші курс студенті Айвар Абрашулы.

Қыздар өткен жылғы пайда болған үрдісті жалғастыра отырып, осы жылы да конкурс жеңімпаздарының көп бөлігін құрады- олар 17 гранттың 10 жеңіп алды.

Өзінің эссесінде ғылымдағы гендерлік теңсіздік туралы айтқан Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ 1-ші курс студенті Элина Дарина бізге өзінің конкурс жайлы сезімін айтып берді.

— Мені конкурсқа қатысушы қыздардың көптігі таңқалдырды. Қыздардың ғылыми жұмыстары мен жобаларының, медицина, биология ғана емес, сонымен қатар әдетте «ерлердікі» болып саналатын (ІТ, физика және өзгелері) салаларда да жігіттермен бірдей деңгейде екендігі сөзсіз қуандырады. Осындай жобалардың арқасында біздің еліміздегі әйел ғалымдардың саны тек қана сандық мөлшерде емес, сонымен бірге сапалық мөлшерде артатын болды деп санаймын, – деп Элина өз ойымен бөлісті.
Қазір конкурстың жаңа жеңімпаздары үшін визаларды дайындау және өздері тағылымдамадан өтетін зертханаларды анықтау кезеңі басталды. Қазақстандық студенттер қордың шеңбері көлемінде тағылымдамадан өтетін университеттердің ішінде, Принстон, Гарвард, Калтех, ETH, MIT, және Оксфорд университеттері тәрізді жоо-дары бар.

22.01.19, Жаңалықтар

Көру саны: 202

Другие новости