OPEN UNIVERSITY – БРИТАНИЯҒА АТТАНАРЛЫҚ!

27-наурыз күні Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры химия, мұнай-газ ісі және ілеспе ғылымдарын үйренушілерге арналған жаңа бағдарламаны ашады. Байқаудың бес жеңімпазы 2017 жылы жазда Ұлыбританияда тағылымдаман өтуге мүмкіндік алады.  Тағылымдама Корольдіктің қашықтықтан оқыту (e-learning) бағытына ат салысып келе жатқан ең ірі зерттеу институты, Open University-де өтеді.

Бағдарлама химия, экология, биотехнология, мұнай-газ ісі, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиялары, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, мұнай-химия, наноматериалдар және нанотехнологиялар салаларының бакалавр, магистрант, докторлары және осы салаларда жұмыс істеп жатқан мамандар үшін ашық.

– Біз конкурсқа химия, мұнай-газ ісін оқып жүрген немесе осы салаларда  жұмыс істейтін жас, озық әрі заманауи және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін қазақстандықтардың қатысуын күтеміз, – деп хабарлады қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева. – Осылайша біздің қор қазақстандық ғылымды дамытатын дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамытып, еліміздің ғылыми әлеуетін көтеруге жәрдемдеседі.Байқаудың жеңімпаздар саны бесеу болмақ, – деп қосты.

Тағылымдама Біріккен Корольдіктің аталған мамандықтар бойынша ең үздік зерттеу оқу орны – Open University-де (Ашық университет) өтеді.  Ұлыбритания Королевасы жарлығымен 1969 жылы Милтон Кинз қаласында құрылған университетті бүгінгі күнге дейін 1,8 млн. адам бітірген елдің ең ірі оқу орны болып табылады.  Қазіргі күнде онда 170 мыңнан астам студент білім алуда.  Қор виза, сақтандыру, әуемен ұшу, тәжірибеден өту барсыныда 3 ай бойы тұру және тамақтануды төлейді. Демеушілік көмек бағдарламаның бенефициарларына қайтарымсыз беріледі.

– Бағдарламанвң ерекшеліктеріне байланысты құжаттар тек ағылшын тілінде қабылданады. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде біз келіп түскен құжаттармен және эссемен танысамыз, үздіктерін таңдап және Британияға, Open University профессорларына жібереміз. Жеңімпаздарды таңдау британ тарабына қалады. Олар скайп немесе телефон арқылы берген сұхбат бойынша іріктейді, – деді бағдарлама үйлестірушісі Ильзира Алдагарова.

Өтінімде ізденушілер бірден тиісті тағылымдаманы таңдауы үшін профессорлар мен олардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарының тізімі көрсетілген. Өтінімдерді қабылдау 23-сәуір, сағат 23.59-ға дейін жүзеге асырылады. Конкурстың нәтижесін қор 2017 жылдың 23-мамырына дейін жариялауды көздеп отыр.

27.03.17, Жаңалықтар

Көру саны: 161

Другие новости