Томирис Атажанова
Мамандығы: медицина. Тағылымдама: Magee-Womens Research Institute, АҚШ.
Еліміздің медицина ғылымында ең өткір болып тұрған мәселелердің бірі бедеулік. Сондықтан да, 25 жастағы алматылық Томирис өзін медицинаға арнап, қордың тағылымдама грантын жеңіп алып, аталмыш мәселені зерттеуге Құрама Штаттарға аттануы таң қаларлық жайт емес.
Медицина нақ Сіздің салаңыз екенін қашан және қалай түсіндіңіз?
Мектепте, жоғары сыныптарда кәсіби-бағдарлау тестілеуінен өттік. Тест нәтижелері бойынша маған адамдармен үнемі байланысты қажет ететін, қызмет көрсету саласында жұмыс жасау лайықты болып шықты. Менің сынып жетекшім үнемі мені болашақ дәрігер ретінде көретінін айтатын. Өте ұқыпты болғандығымнан, менен мықты дәрігер шығады дейтін. Сонымен қатар, өзіме жаратылыстану ғылымдары да ұнайтын. Сондықтан, медицинады таңдауды жөн деп санадым. Бұл мамандық өзіне ғылым, адамдармен қарым-қытынас, сондай-ақ оларға қызмет ету салаларын ұштастырады.
Медицинадан басқа тағы немен әуестенесіз?
Медицинадан басқа маған ғылыми және гендерлік коммуникация саласы қызықты. Бірнеше жыл қатарынан FameLab байқауына қатысып келемін, ғылымды қолжетімді, қызықты әрі түсінікті формада көпшілікке таратамын. Әлеуметтік желілерде өзімнің жеке блогымды жүргіземін, ол жерде өзімнің ғылымдағы және медицинадағы жолым туралы айтамын. Менің ойымша, бұл ісім біреуге өз мақсаттарын айқындауға азда болса көмек болады. Сонымен қатар, мен саяхаттағанды, табиғатты өте қатты жақсы көремін, психологиямен және өнермен әуестенемін.
Томирис, байқау қандай ерекшелітерімен есіңізде қалды?
Мықты үміткерлермен. Магистранттар мен жас қызметкерлер байқауына қатысқандықтан, әр бір үміткердің артында жүріп өткен үлкен жолы, ғылыми жұмыстарының әсерлі тізімдері мен ерекшеліктері болды. Бұл менің Есенов қорының грантына қол жеткізу жолындағы екінші талпынысым болатын. Мен өз күшімді 3 жыл бұрын сынап көрдім, алайда ол кезде маған, мүмкін, сенімділік пен өз ойымды нақты жеткізу қабілетім жетіспеді.
Тағылымдама кезінде зертханада немен айналыстыңыз?
Менің профессорым медицина ғылымдарының докторы Александр Яценко болды. Оның зертханасы биоинформатика тәсілін қолдану арқылы ерлер арасынағы бедеулік саласында зерттеулер, сонымен қатар, геномдық, генетикалық тәжірибелер жүргізумен айналысады. Мен алғаш келген сәтте зертхана еркектік бедеулік кездесетін отбасыларын зерттеп жатқан болатын. Мен ғылыми тәжірибелермен (мысалы, қан құрамынан ДНК-ны бөлумен) айналыстым, полимеразалық тізбек реакцияларын жүргіздім. Менің міндетім – талдау, сұрыптау және алынған деректерді көптеген онлайн құралдар арқылы түсіндіру болды (MGI, BioGPS, Unigene және т.б. сияқты.). Әр апта сайын біз командамен бірге жиналып, жасалған жұмысты талқылап, алдағы жұмыстарымызды жоспарлап отырдық. Біз нақты бір отбасында пайда болатын бедеулікке жауап беретін жалпы бір генді табуға тырыстық. Зерттеулер әлі де жүргізілуде, ал команда жақын арада мақаланы жариялауды жоспарлап отыр.
Томирис, Сіз тағылымдамада неге қол жткіздіңіз?
Үлкен көлемдегі ақпаратқа және зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесіне қол жеткіздім. Маған доктор Яценконың басқа да жобаларында жұмыс жасау мүмкіндігі туды. Бедеулік кездесетні отбасылар туралы пікірталас барысында біз мұндай пациенттердің клиникалық ерекшеліктерін талқыладық. Бұл жерде маған менің медициналық білімім көмек болды. Мен тағылымдамамның нәтижесіне, сондай-ақ болашақ ғалым және дәрігер ретінде өсіп, жоғарыда айтылған жұмысқа азда болса өз үлесімді қосып жатқаныма ризамын.
Әрі қарайғы жоспарларыңыз?
Акушерия-гинекология саласында ғалым-дәрігер болуды жоспарлап отырғандықтан репродуктивті эндокринология тақырыбы мен үшін өте қызықты. Резидентурадан кейін осы мамандық бойынша үш жылға созылатын, аталмыш саланы терең оқытатын мамандық бар (fell owship). Міне, осындай жолдан өтуді жоспарлап отырмын. Тағылымдама арқасында мен өз болашағыма көз жүгіртіп, медицина мектебін бітіргеннен кейін немен айналысатынымды, қай жерде білімімді толықтыру керек екенін түсіндім).
Айта кетейік, 2020 жылдың қазанында Томирис «Болашақ» стипендиясын жеңіп алып, Оксфордқа клиникалық эмбриология магистрі дәрежесіне оқуға кетті.
22.10.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 195