Магистранттар мен қызметкерлерге ғылыми зертханалардағы жазғы машықтану – 2018

Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы магистратура студенттері мен қызметкерлеріне әлемдің озық зертханаларында ғылыми машықтанудан өтуге және болашақта өздігінше Ph.D дәрежесін алу үшін докторантураға түсу мүмкіндігін беру мақсатында 5 грант бөлу.

Бағдарлама шарттары

Бағдарлама қатысушылары: Қазақстан жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын, техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында соңғы курста оқитын және 1-2 курс магистратура студенттері немесе де ғылыми салада жұмыс істеп жатқан (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес) қызметкерлер.

Грант саны: 5

Грант көлемі: 7 000 АҚШ доллары.

Қажетті құжаттар:

  1. Түйіндеме;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Транскрипт және бакалавриатты бітіргенін растайтын диплом көшірмесі (магистратура студенттеріне);
  4. Ғылыми жұмыс жарыстары бойынша дипломдар, сертификаттар көшірмелері;
  5. “Менің ғылыммен айналысқым келеді, себебі…” тақырыбында эссе;
  6. Ғылыми жетекшісінен мінездеме.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: қаңтардың 8 – ақпанның 18, 2018

Өтінім пен қажетті құжаттарды Қордың электрондық поштасына жіберіңіздер: info@yessenovfoundation.org.

Ережелер

Өтінім

2-кезең қатысушылары

Жеңімпаздар

Көру саны: 95