Тимур Беремкулов

Мамандығы: физика. Тағылымдама: University of Geneva, Швейцария.

Ия, Қазақстанда жас математиктер ғана емес, сондай-ақ физиктер де бар. Тимур — олардың біреуі. Nazarbayev University түлегі Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының конкурсын жеңіп, биылғы жылы Женевадағы жергілікті университетінің ядролық корпускулалық физика факультетіне оқуға барды.

Сіздің физикаға деген қызығушылығыңыз неден басталды? Онымен айналысам деп қалай шештіңіз?
Менің мектепте физика мұғалімімен жолым болды. Михаил Абрамович Мариупольский физиканы жай ғана оқытып қоймай, сондай-ақ қызықтыра білді және оны кәдімгі өмірде қолдануды үйретті.

Бағдарламадағы конкурс туралы бір-екі сөз айтып берсеңіз. Қиын немесе оңай болды ма?
Конкурс, әрине, оңай болған жоқ. Дегенмен Қазақстанның ең үздік студенттерімен бақталасу күтіп тұрды. Мен қатты толқыдым, әсіресе, егер менің былтырғы жылы  осы бағдарламаға құжаттарды тапсырып, өтпегенімді ескеретін болса. Екінші тур маған өте қатты ұнады, өйткені сұрақтар мен тапсырмалар стандарттан тыс болды.

Сіздің швейцариялық зертханадағы тағылымдамаңыздың мәні неде болды?
Мен түскен топ жобасының мақсаты позитронды-эмиссиялық томографияға арналған сканерді құрастыру. Өзінің мағынасы бойынша, бұл тап сондай компьютерлік томография,тек рентгендік сәулелердің көзі адамның ішінде болады. Жобамен Еуропаның бірнеше университеттері жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз сканерге арналған сенсорларды, яғни, «адамның ішінен» рентгендік сәулелердің келу бағытын айқындайтын және осы деректердің негізінде кескінді құрастыратын сол бір бөлшектерді жобалау болды. Женева университетінде әзірленіп жатқан жаңа технология сенсорлардың дәлдігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы, ісіктердің орналасқан жерін дәл анықтауға және сәулелендіру мөлшерін азайтуға мүмкіндік етеді. Профессор Джузеппе Якобучи командасында мен сенсорлар прототиптерін тестілеумен және томография процесінің симуляцияларын жүргізумен айналыстым. Зертханада біз сонымен қатар, мысалға, сенсорда қатты қызумен проблемалар туындамайды ма, сенсорлар оларды орнатудың стандарттық рәсімі кезінде сынбайды ма және т.с.с. мәселелерді тексердік.

Үш ай тағылымдама ішінде сіз не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Біріншіден, біз сенсордың оңтайлы конфигурациясын таптық. Сенсор электроникасының ішінен қысқа тұйықталуларға, статикалық разрядтарға және т.б. әкеп соқтыратын қателіктерді анықтадық. Мен пайдалы дағдыларды игердім. Мысалы, енді мен детекторларды модельдеуге арналған Geant4 компьютерлік бағдарламасымен жұмыс істей аламын. Енді менің силикон сенсорларымен және микроэлектроникамен үлкен жұмыс тәжірибем бар деп ойланбастай айта аламын. Және де зертханалық жабдықпен де анағұрлым сенімдірек жұмыс істеймін. Сонымен қатар маған жоғары энергиялар саласында жұмыс істейтін физикке қандай білімдер қажет екенін түсіну маңызды болды. Бұл электроника мен статистиканың бұдан да терең білімдері. Мен университеттің соңы курсында осымен айналысамын. Ірі жобада жұмыстарды жоспарлау процесінің қалай өтетінін, ондағы шешімдердің қалай қабылданатынын түсіну қызықты болды.

Келешекке жоспарларыңыз қандай?
Мен игерген дағдылар әмбебап болып табылады және де оларды мен менің саламдағы кез келген жобада пайдалана аламын. Мысалы, Geant4 бағдарламасының көмегімен мен алматылық космостанция үшін сцинтиляторлы детекторларды жобалайтын боламын. Дәл осы тағылымдамада мен одан арғы жұмысыма қандай дағдылар мен білімдердің қажет екенін білдім. Мен Боулдерде Колорадо университетіне докторантура бағдарламасына түстім, мұнда мен жоғары энергиялар физикасының зерттеуін жалғастырамын.

10.08.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 71