Сабина Исабек

Мамандығы: биология. Есенов шәкіртақысының иегері.

Мақсаттылық пен креативтілік 22 жастағы Сабинаға Yessenov Foundation байқауында жеңіске жетуге және қазақстандық академик атындағы шәкіртақыны жеңіп алуға көмектесті. Міне жас қыз соңғы емтихандарын тапсырып, NU бакалавриатын тамамдауда. Сабина Ақтаудың тумасы, үлкен отбасында өскен, жасы 22-де және дәрігер болуға тырысуда.

Балалық шағыңыздағы ең жарқын естелік?
Әжем маған ролик тебуді үйреткені есімде, ол кезде төрт-бес жаста едім. Өзі роликті қалай тебуді білмейтін, сондықтан маған дұрыс құлап, тұруды үйретті. Ролик тепкен сайын сол сәтті жиі есіме аламын. Әжем маған жаңа нәрсені үйренуге көмектесуге әрқашан дайын болатын. Айтпақшы, ол әлі де жұмыс істейді.

Неліктен дәл биологияны таңдадыңыз?
Биологияда өзіміз туралы, молекулалық деңгейден жалпы денеге дейін, барлық деңгейлерде танып, білеміз. Әрқашан тірі жан ретінде біз туралы сұрақтар қызықтыратын, ал биология бұл сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Бұрыннан белгілі ұғымдарды біліп, зертханада зерттеу жүргізгенді ұнатамын. Болашақта адамдарға дәрігер ретінде көмектесу үшін алған білімімді пайдаланғым келеді.

Ал, неліктен Есенов шәкіртақысы үшін сайысқа түсуге шешім қабылдадыңыз?
Медициналық мектепке өтініш беруге қажет тест тапсыру үшін қаражат қажет болды. Дайындық құны, емтихан ақысы, жол шығындары… Жұмыс істемегендіктен, осы шығындардың барлығына қаражатты қайдан алу туралы ойладым.  Содан кейін университеттен хат алдым, онда Есенов шәкіртақысына арналған байқау туралы хабарланды, қатысуға шешім қабылдадым.

Байқаудың қандай ерекшелігі есіңізде қалды?
Екінші кезең. Ол онлайн режимінде өтсе де, психологпен және Есенов қорының өкілдерімен байыпты сұхбат өтті. Психолог қойған сұрақтар қызықты ойын сияқты болды. Бұрын менің тәжірибемде мұндай нәрсе болған жоқ еді. Қызықты сұрақтар, қызықты тәжірибе.

Жеңіске жетуіңізге не көмектесті?
Мүмкін, өзімнің жеке қасиеттерімді көрсете алдым. Шынайы жауап бердім, тапсырмаларға шығармашылықпен қарадым, өз жұмысыма құмарлық пен сенімділікпен қарайтынымды көрсете алдым.

Осындай байқауларға қатысатын немесе өтініш беруден тартынған адамдарға қандай кеңес бере аласыз?
Қатысудан қорықпаңыз! Жеңіске жетпесеңіз де құнды тәжірибе алыңыз, ол сізге басқа жарыстарда көмектеседі, өмірде көмектеседі. Комиссия мүшелеріне өзіңіздің қандай адам екеніңізді көрсетіңіз, эссе мен сұхбатта шынайы болыңыз. Байқаудың барлық талаптарын мұқият тексеріңіз. Кейбіреулер кейбір құжаттарды беруді ұмытып кетеді, және бұл жиі кездесетін қателік сияқты, өйткені сол қателік үшін финалға да өтпейді.

Бакалавриат бітіргеннен кейін немен айналысқыңыз келеді?
Медицинамен. Медицина мектебіндегі «медицина докторы» бағдарламасына өтініш бердім. Қазір нәтижесі күтудемін. Зерттеумен де, практикамен де айналысқым келеді.

Немен айналысқанды ұнатасыз?
Корей фильмдерін, әсіресе «Шайқас» (2019) және «Астрономия: аспан қақпасы» (2019) сияқты тарихи фильмдерді көргенді ұнатамын, өйткені үш жылдан бері корей тілін үйреніп келемін.

13.05.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 67