АҒЫЛШЫН ТІЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ: ШҚТУ-дегі БІРІНШІ ЖЫЛ
Өскеменде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Shakhmardan Yessenov Foundation өткізетін ағылшын тілі бағдарламасының бірінші жылы аяқталды. Бағдарламаны қордың негізін қалаушы Ғалымжан Есенов бастамашы болды. ЖОО-ның 120-дан астам студенттері мен оқытушылары оқудан өтіп, тілді меңгеру деңгейін көтерді.
Оқу жылы 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың мамырына дейін созылды. 66 бакалавриат студенттері және 61 оқытушы/докторант/магистрант – 127 адам – бағдарламаны сәтті аяқтап, ағылшын тілін кем дегенде бір деңгейге көтерді. Өкінішке орай, бастапқы тестілеуден өткен және бағдарламаға іріктелген 37 қатысушы жыл бойына әртүрлі себептермен шығып кетті.
– Олардың көпшілігі Elementary және Pre-Intermediate деңгейлері. Олар тіл иесімен жүргізілетін бағдарламаны игере алмады. Екінші бөлім оқу немесе жұмыс жүктемесінің көптігінен мен кесте қайшылықтарына байланысты бағдарламадан кетті. Біз мұндайды табиғи деп есептейміз, бұндай жағдай бағдарламаны жүзеге асырған барлық университеттерде болған. Біз үшін шет тілін меңгеру деңгейін арттыруды қалайтындар мен қажет ететін жандарға мүмкіндік бергеніміз маңызды, – деді Yessenov Foundation бағдарламаларының менеджері Айгерім Султан.
Естеріңізге сала кетейік, Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасын өткізуге арналған республикалық конкурста жеңіске жеткен өңірлік университетке әр академиялық жылға 160 орын ұсынады. Бағдарлама әрбір осындай ЖОО-да екі жыл ішінде іске асырылуда. Конкурсқа ШҚМТУ – не 120 оқытушылардан/докторанттардан және 155 бакалавриат және магистратура студенттерінен 275 өтінім түсті. Барлық өтінімдердің авторлары тестілеуден өтті.
Оқу жылының қорытындысы бойынша ағылшын тілі бағдарламасының 25 қатысушысы Yessenov Foundation есебінен IELTS емтиханын тапсырды. Олардың бірі жеке басының жағдайына байланысты емтиханға қатыса алмады. IELTS-ті British Council Kazakhstan өткізді. Емтихан Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғаларында 7 және 8 маусымда offline режимде өтті. Тапсырушылардың көпшілігі (15) 5 және 5.5 бағасын алды. Бес қазақстандық 6-дан 8-ге дейін баға алды.
Өз кезегінде бағдарлама оқытушысы Энтони Дюрант студенттердің жазбаша жұмыстарды орындау кезінде жасанды интеллект құралдарын қолдануына алаңдайды:
– ЖИ пайда болуы жазу дағдыларының дамуына теріс әсер етеді. Өкінішке орай, студенттер оған сенім артуды жалғастыруда. Мысалы, elementary тобындағы бір ғана студент өз бетінше жазылған эссені ұсынды! Барлық қатысушылардың ауызша сөйлеуінде жетістіктер бар: Elementary деңгейіндегі студенттердің көпшілігі қазір базалық коммуникацияларды қолдай алады. Есту арқылы сөйлеуді түсіну де айтарлықтай жақсарды. Бағдарлама қатысушылары оқу тапсырмаларын өте жақсы меңгере алды, – деп бөлісті Э.Дюррант.
Алда – Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасының Шығыс Қазақстан университетіндегі екінші жылы. Қыркүйек айында онда өтініш қабылдау басталады. Бағдарламаның екі жылының қорытындысы бойынша ШҚТУ-тің 300-ге жуық студенттері мен оқытушылары ағылшын тілі деңгейін арттыра алады, ал олардың 50-ге жуығы қор есебінен IELTS тапсырады деп жоспарлануда. Келесі оқу жылында қатысушыларды өздерін жақсы танытқан Энтони Дюррант және Кортни Бэйли оқытатын болады. Сабақтар қазан айының басында басталып, 2026 жылдың мамырында аяқталады.
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 2013 жылдан бастап қазақстандық өңірлік жоғары оқу орындарында ағылшын тілі бағдарламасын жүзеге асыруда. 10 жылдан астам уақыт ішінде бағдарлама арқылы тіл саласындағы білімін 1500 – ден астам адам – Yessenov University (ол кезде-Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау), Қорқыт ата атындағы университеттің (Қызылорда), Қарағанды медицина университеттің және Kozybayev University (Петропавл) студенттері мен оқытушылары арттыра алды. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і қордың осы бағдарламасын жүзеге асырып жатқан бесінші қазақстандық университет.
1.07.25, Без рубрики, Жаңалықтар
Көру саны: 516
