«Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама» бағдарламасы – 2019
«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант конкурсын жариялайды.
2-3-ші курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың, магистратураның соңғы курс студенттері мен жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге 7 грант қарастырылған.
ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы болсаң;
- Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
- Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
- Сен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
- Сенің бұл салада ғылыми жобаларың немесе ерекше жетістіктерің бар болса;
- Сен ғылыммен айналысқың келсе және де мұны дәлелдей алсаң;
- Сенің Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.
Онда сенің: грантты ұтып, 2019 жыл жазында ғылыми тағылымдамаға баруға мүмкіндігің бар.
Бұл үшін 2018 жылғы 5 қарашадан бастап 9 желтоқсанға дейін өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетімен бірге жіберу қажет:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессиялар);
- бакалавриатты аяқтау туралы дипломның және транскриптің бағалармен бірге көшірмесі (магистранттар мен жұмыс істеп жатқан қызметкерлер үшін);
- ғылыми жұмыстар конкурстары дипломдарының, сертификаттарының көшірмелері;
- «Менің тағылымдамам: ғылым үшін не істедім және болашақта не істеймін» тақырыбына арналған эссе;
- ғылыми жетекшінің ұсынымы;
- жоғары оқу орнының проректоры/ректорынан немесе ғылыми жетекшісінен мінездеме;
- резюме.
Өтінімді және құжаттар пакетін қордың мына электрондық мекенжайына жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org
Сонымен қатар біздің құжаттар пакетін алғанымызды растау үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: + 7 727 346 92 88.
2019 жылдың 9-қантарында біз байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің аты-жөнін жариялаймыз, ал айдың соңында 2019 жылғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздар тізімі белгілі болады.




Көру саны: 494