Нұрсұлтан Ережепов

Мамандығы: ақпараттық жүйелер. Тағылымдама: 11 sight, АҚШ.

Ол небәрі 26 жаста, Астана қаласынан. Қазақстан-Британдық университеттің түлегі (бакалавриат және магистратура), 2016 жылы Ш.Есенов атындағы конкурстың жүлдесін ұтып алып, Кремний алқабына барып, 11sight стартап бағдарламасы бойынша мол тәжірибе мен білім алды.

Нұрсұлтан Java, Ruby, C#, C++, javascript бағдарламалары бойынша жобалар әзірлейді, оның портфолиосында көптеген хакатондар мен буткамптарға қатысуы, Ақпараттық жобалар бойынша Халықаралық студенттер конкурсының бас жүлдесі, Ташкент қаласындағы бағдарламалау жөніндегі дүниежүзілік жартылай чемпионатының бас жүлдесі бар. Тағылымдамадан кейін Қазақстанға оралғанынан кейін біз оған бірнеше сұрақтар қойдық.

1. Сіз тағылымдама кезінде немен айналыстыңыз?
Мен жұмыс істеген 11sight — стартап бағдарламасы – бұл қызметтер мен тауарлар жеткізушілеріне интернет-платформа. Ол бизнес пен клиенттерді лезде байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл дегенініз – қызмет көрсету жылдамдығы және сапалы сервис. Қазіргі кезде бізде Алқаптың өзінде-ақ оннан аса клиенттер бар. Олар осы өнім үшін ай сайынғы жазылу үшін аөы төлейді, біздің қосымшаны жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынады. Бұл біз үшін де, олар үшін де тиімді жол. Мен нақты немен айналыстым дейсіз бе? Тестілеумен, әкімшілік бөлімді әзірлеумен (есептер, саралау, жобаның конфигурациялық деректері), чат үшін серверлік жағын әзірледім. Сонымен қатар, мен бейне-сәлемдеме, қоңырауды басқа жаққа ауыстыру және т.б.б сияқты жаңа «текшелер» қосу үшін жауапты болдым.

2. Сонымен, қандай нәтижелерге жеттіңіз, Нұрсұлтан?
Мен үшін бұл шетелде жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесі болды. Мен АҚШ-тағы жұмыс және тұрмыстық мәдениеттің біздікінен қаншалықты ерекшеленетінін көрдім. Алғашқы күндерден бастап-ақ, мені барлық жердегі креативтік атмосфера таңғалдырып, баурап алды. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес, жай ғана сезініп көру керек. Өзіңізді қоғамдық көлікте жұмысқа кетіп бара жатырмын деп елестетітіңіз, сол кезде салонда отырып-ақ компьютерлерінде жұмыс істеп отырған «айтишниктерді» көресіз. Олардың крдтарды қалай жасайтындығын бақылау өте қызықты. Компанияда жарты жыл ішінде мен жаңа дүниелерді үйрендім – бағдарламалау тілі (Ruby) мен технологияларды (WebRTC, SIP).Олар біздің стартап үшін негізгі тұстары болып табылады, себебі оларды пайдалана отырып, біз өз платформамызда дауыстық және бейне-байланысты қолдай аламыз.Android-тағымобильді құрылғылар үшін бағдарламалауды үйрене бастадым. Жарты жылдай жұмыс істегеннен мен стартпапта кез келген қызметкер өзі үшін бейінді емес процеске қатысуға дайын болу керек екендігін түсіндім.

3. Алған тәжірибеңізді қалай қолдануды жоспарлайсыз?
Мен қазірдің өзінде, Қазақстанға қайтып келгеннен кейін-ақ, 11sight бағдарламасы бойынша қашықтан жұмыс істеуді жалғастырудамын. Тағылымдама соңында олар маған қалып, қызметтестікті жалғастыруды ұсынды. Мен қуана келістім. Қазір мен олармен ұдайы байланыстамын, Астанадан жұмыс істеймін. Біз күн сайын конференц-қоңыраулар өткіземіз, күні бойы атқарылатын міндеттер мен проблемаларды талқылаймыз. Мен компанияда күн сайын өсіп-дамып келе жатқанымды сезінемін, және де жоспарлаған ойларымды жүзеге асыруға ұмтылысым барған сайын артуда. Мен нені қалаймын? Біздің замандағы адамдардың өмірін жақсартатын өнімді әзірлегім келеді. Бірақ әліде болса, идеям толық қалыптаспаған, бұл мобильді қосымшалармен байланысты дүние болады деп айта аламын. Менің ойымша, болашақтың тізгіні – осы құрылғыларда.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 217