Нұргүл Солтанбек
Мамандығы: наноматериалдар және нанотехнологиялар. Есенов шәкіртақысының иегері.
24 жасар Нұргүл Солтанбек Гумилев атындағы ЕҰУ-дың физика-техникалық факультетінің магистратурасында наноматериалдар мен нанотехнологиялар мамандығы бойынша білім алып жатыр. 2021 жылы ол Shakhmardan Yessenov Foundation шәкіртақы байқауының 17 жеңімпазының бірі болды. Аталмыш жарысқа 500-ге жуық үміткер қатысты! Жас қазақстандық – кіші ғылыми қызметкер. Бүгін
Ол сіздермен байқауда жеңіске жетуге және сүйікті ісіңізді табуға көмектесетін лайфхактармен бөліседі.
Неліктен дәл осы мамандықты таңдадыңыз?
Бакалавриатта ядролық физиканы оқыдым, қазір – наноматериалдар мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Әлем бір орында тұрмайды, сондықтан да біз үнемі әртүрлі бағытта өсуіміз, дамуымыз керек. Сонымен қатар, наноматериалдар мен нанотехнологиялар: ядролық физика, электроника, құрылыс және басқалары сияқты көптеген салаларда қолданылады.
Мамандығыңыз нені зерттейді және оқу аяқталғаннан кейін кім болып жұмыс істеуге болады?
Бұл Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа бағыт. Ол материалдарды молекулалық және атомдық деңгейде зерттейді және микроскопиялық өлшемдері бар компоненттерден нысандар жасайды. Бұл жерде жаңа материалдар немесе молекула мөлшеріндегі роботтар туралы айып отырмыз. Түлектер ҒЗИ мен медициналық-техникалық, ядролық-физикалық және химиялық-технологиялық бағыттағы компанияларда қызмет ете алады.
Неліктен жеңімпаз атандым деп ойлайсыз?
Өзімді дұрыс жағымнан көрсете алдым деп ойлаймын. Өзіме деген сенімділік, шынайылығым, өсуге деген ұмтылысым, өз мақсаттарым мен оларға жету жолдарын нақты түсінуім басқа үміткерлерден ерекшеленуге көмектесті. Сондай-ақ, айналысатын ісіңе деген сүйіспеншілік әрқашан жетістікке жетелейтініне сенемін.
Байқау қатысушыларымен қандай да бір лайфхактармен бөлісе аласыз ба?
Икемді болыңыз, дамыңыз, белсенді болыңыз, өзіңізге және қоғамға пайдалы болуға тырысыңыз, сонда сіздің жетістіктеріңіз сізді айқындай бастайды. Эмоционалды тұрақты болыңыз. Алдыңызға мақсат қойып, соған талпыныңыз, сеніңіз, жеңіске жетіңіз!
Нұргүл, немен айналысқыңыз немесе магистратураны бітірген кезде қайда жұмыс істегіңіз келеді?
Докторантураға түсуді және зерттеу орталығында жұмыс істеп, онда жаңа материалдар жасауды жоспарлап отырмын. Халықаралық тағылымдамадан өту идеясы да бар. Сонымен қатар, суда жүзуді үйренгім келеді.
Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?
Подкасттарды тыңдап, ән айтып, комикстерді оқығанды ұнатамын. Укулеледе ойнаймын, аккордтарды таңдаймын. Жақында тігіс тігуді және тоқуды үйрендім. Белсенді демалысты жақсы көремін. Отбасымызбен жиі қала сыртына шығамыз: шаңғымен сырғанаймыз, велосипед тебеміз немесе жай пикникке барамыз. Жылына бір рет достарымызбен біз әлі болмаған жаңа қалаға саяхаттаймыз. Осындай сапарлардан кейін жаңа жетістіктерге жетуге күш пен мотивация пайда болады.
Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз?
Отбасындағы ең кіші және кеш дүниеге келген баламын. Ата-анам бәрін өте жақсы түсінеді, мені үнемі қолдап отырады, оларға өте ризамын. Менің отбасым – менің тірегім.
17.03.22, Жетістік тарихы
Көру саны: 200