YESSENOV FOUNDATION АРҚЫЛЫ ӨЗІҢДІ ТАП!

24 тамыз күні Алматы қаласында өтетін академик Ш. Есенов атындағы қорының жаңа жобасы  “Find Your Way” деп аталады.  Жобаның мақсаты жоғары сынып оқушылары мен бірінші курс студенттеріне студенттік өмірді барынша тиімді әрі қызықты өткізуге көмектесу.

Бұл шараға 15-18 жас аралығындағы 200 ден аса белсенді жастар қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар 9-12 сынып оқушылары мен колледж студенттерін, бакалавриаттың бірінші курс студенттерін сенбілік  демалысын пайдалы өткізуге шақырады.

— Біз шара барысында қатысушыларға сыртқы ресурстарды барынша тиімді қалай пайдалануға болатынын, қалай өз өмірімізді жарқын ете алатындығымыз жөнінде баяндайтын боламыз. Оларды қазірше өздері де біле бермейтін жаңа мүмкіндіктермен таныстырамыз, – деп хабарлады Есенов атындағы қордың жобаларды үйлестірушісі  Сергей Левадний (суретте).

Іс-шара бағдарламасы 4 сағатқа созылады. Нархоз университеті, softskills.kz, HiPO, Flow Kazakhstan сияқты ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

– Қазіргі таңда адамдардың айналасын көп ақпаратар қамтиды. Бұл адамдар үшін қайғылы жағдай. Себебі, әлеуметтік желідегі хабарламалар арасында жалған ақпараттар да, адамның психикасына кері әсерін тигізетін ақпараттарда көптеп кездеседі. Осындай ақпараттардың жалған немесе шын екен ажырату үшін не істеу керегін  портал өкілдерінің бірі айтып береді, – деді factcheck.kz порталының Бас редакторы Павел Банников. Сондай-ақ, Банников: – Біздің лайфхактарымыз қатысушыларды нағыз жаңалықтарды, фото және видео – материалдарды, жалған ақпараттардан қалай ажыратуға болатынын үйретеді, – деп сөзін қорытындылады.

Ұйымдастырушылар “Find Your Way” жобасы аясында  қатысушылармен көшбасшылық, шешендік өнер/көпшілік алдында сөз сөйлеу, мотивация, т.б. тақырыптарды талқылауды жоспарлап отыр. Іс-шараға келген балалар мансабын неден бастау керектігін және болашақ мамандықты қалай таңдау керектігін, өз білімін қалай жалғастыру керектігін, барлығына қалай үлгеру керектігін, құрдастарымен және үлкендермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін біледі.

– Біздің жобада интерактивті дәрістер түрінде құрылған бағдарламалар (олар көп болмайды) және практикалық ойындар бар. Қатысушылардың әрқайсысында жаңа дүниелерді білуге, пайдалы жақтарын алып оны өз өмірінде қолдануға мүмкіндіктері бар, — деп түйіндеді С. Левадний.

Қор өкілдерінің ойынша дәрістер 30 минуттан аспайды, қатысушыларға материалды қабылдау мен меңгеруді жеңілдету үшін процесті геймификациялауға ерекше көңіл бөлінеді, кофе-брейк де қарастырылған.

Тiркеу

18.07.19, Жаңалықтар

Көру саны: 161

Другие новости