Максим Гришин

21 жас, Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенті, мамандығы: ақпараттық жүйелер, алты айлық ағылшын тілі бағдарламасына қатысып, Ұлыбританияның тілдік мектебінде бір айлық оқу грантын жеңіп алды.

1. Ағылшын тілін оқу бағдарламасына қалай келдіңіз?

Бәрі де Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ағылшын тілі курсы жайлы хабарлағанда басталды. Ағылшын тілін білу маған қажет екенін түсінгендіктен (мен бағдарлама жасаумен айналысамын) , ал өз бетімше білімімдегі кемшіліктердің орнын толтыруға көп уақыт қажет болғандықтан мен бағдарламаға қатысуға шешім қабылдадым.

2. Оқу барысы қалай өтті?

Топтық сабақтар жарты жылдан артық мерзімде аптасына бес реттен өткізілді.  Ағылшын тілін бізге  Дэниэл Маурис және  Вернон Лейман жүргізді. Біз грамматиканы, әр түрлі мәтіндерді оқып талдадық,  ресми ағылшын тілін оқыдық.  Тілді ойындар ойнау және де қойылымдар қою арқылы тәжірибе жүзінде қолдандық. Оқытушының материалдарды ұсынуы және  оқыту әдістері  өте қызықты болды.

3. Ұлыбританияның тілдік мектебіне қалайша іліктіңіз? 

Қор бағдарлама нәтижесі бойынша қатысушалар арасында Британиядағы тілдік мектепте оқуға байқау өткізді. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Соңғы тесттің нәтижесіне қарады, белгілі бір тақырыпта эссе жазып, және де қосымша аудитория алдында презентация жасау қажет болды. Нәтиже бойынша мен ең жоғарғы ұпайға ие болып, жеңімпаз атандым.

4. Жалпы Сізге ағылшын тілі не үшін қажет? Бағдарламаға  және Ұлыбританиядағы курсқа қатысудың сіз үшін пайдасы қандай?

Ағылшын тілі маған шетелдік серіктестермен және де тапсырыс берушілермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін, орыс тілінде қол жетімсіз техникалық және ғылыми әдебиеттерді оқу үшін қажет.  Бағдарламаға қатысу маған білімімдегі көптеген кемшіліктердің орнын толтыруға көмектесті. Курстың арқасында мен ағылшын тілін сенімдірек қолдануды үйрендім, сөйлесу дағдыларымды жақсарттым, сонымен қатар көптеген бейнелі сөздерді үйрендім.

12.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 1,205