Қуат Мәдениет

Мамандығы: деректер инженері. Бағдарлама жеңімпазы: Yessenov Data Lab, Yessenov Launch Pad.

25 жастағы Қуат Семейдің тумасы. Үш жыл бұрын ол Shakhmardan Yessenov Foundation байқауында жеңіске жетіп, үлкен деректер бойынша – Yessenov Data Lab (YDL) екі айлық мектебінде білім алды.  Ал 2022 жылы ол тағы да бағын сынап, Yessenov Launch Pad IT мамандарына арналған қосымша білім беру гранты бағдарламасының жеңімпазы атанды. 2020 жылы университетте оқуын аяқтап, жуңіп алған грантына жас қазақстандық “Яндекс практикум” курстарында оқып жатыр. Оқу басталғаннан кейін 2 ай өткен соң ол бірден Қазақстанның екі жетекші банкінен жұмыс туралы ұсыныс алып, олардың біреуін таңдады, ал біраз уақыттан кейін жетекші мұнай-газ компаниясының ұсынысын қабылдады.

IT саласын және осы мамандықты қалай және қашан таңдадыңыз?
YDL бағдарламасы бойынша білім алғаннан кейін деректер ғылымына қызығушылық таныта бастадым, «Сүт безі қатерлі ісігі анықталған кезде гистологиялық бейнелеу классификациясында машиналық оқытуды қолдану» тақырыбында диплом қорғадым. Классификацияларға арналған үлгіден басқа, нәтижені бірнеше секундта көрсететін суреттерді жүктеуге арналған фронт жасадым. Маған сол кезде деректерді өңдеумен айналысу өте қатты ұнап қалды. YDL-де «Яндекс» оқытушыларымен сөйлескеннен кейін деректерді өңдеу және талдау саласында дамуды шештім.

Байқаулар туралы қайдан  білдіңіз және оларда қалай жеңіске жеттіңіз?
Nazarbayev University
-де оқып жүрген кезімде таныстарымнан YDL туралы білдім. Алматыда жазғы уақытымды өткізу және деректерді талдауды үйрену қызық болып көрінді. Ал мұғалімдер құрамы мен мектептің бағдарламасын көргенде, жеңіске жетуге деген ұмтылыс пайда болды. Байқау бірнеше кезеңдерде өтті – техникалық және психологиялық. Оларда университеттегі дайындықтың және бағдарламаның маған не үшін қажет екенін және бұл менің мансабыма қалай әсер ететінін көрсеткен және жақсы құрастырылған мотивациялық хаттың арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. Үміткерлердің soft және hard skills дағдыларының даму деңгейін анықтаған байқаудың сараптамалық комиссиясының кәсіби көзқарасы және барлығы достық атмосферада өткені есімде.

Қуат, болашақ байқау қатысушыларына қандай кеңестер бере аласыз?
Менің ойымша, ең бастысы – қорықпау және өтінім беру. Бұл әсіресе студенттік жылдары өте маңызды, өйткені бағдарлама сізге және мамандықтың өзгеруіне әсер етуі мүмкін: кенеттен деректерді талдауға және өңдеуге қызығушылық танытып қаласыз. Сондай-ақ,  мықты жақтарыңызды көрсететін және байқау ережелерінде көрсетілген барлық сұрақтарға жауап беретін  нақты құрылымы бар мотивациялық хаттарды жазуды үйренуге кеңес беремін.

Есенов қорының бағдарламаларында оқып жүргенде не үйрендіңіз?
YDL-де негізінен деректерді талдау мен өңдеуді үйрендік. Есімде қалғаны, деректер маманы уақытының 60-70% деректерді дайындауға және тазалауға жұмсалады. Дәл осымен деректер инженері – data engineer айналысады. Бұл менің мамандығым.

Алдағы ,  бір-екі жылда немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Қазір Big Data Team-дағы Алексей Дральдың курстарынан өтіп жатырмын. Курсты аяқтағаннан кейін мен неғұрлым жетілдірілген деңгейдегі маман боламын – Big Data Engineer++. Алексей мен оның командасы бізге 2019 жылы YDL аясында сабақ берген болатын, маған олардың интенсивті көзқарасы мен тәжірибеге назар аударуы қатты ұнады. Курстарды аяқтаймын және практикалық қызмет арқылы Big Data Engineer ретінде дами бастаймын.

IT саласынан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Тауға барғанды ұнатамын. YDL-де оқып жүрген кезде балалармен жиналып, Фурманов шыңына (биіктігі 2985 м) бардық, 4 сағатта жеттік. Өткен жылы біз тағы да бас қостық – өйткені сол уақыттан бері байланыста болдық – және тағы бір рет бірге биікке көтерілдік. Сонымен қатар, мен кофе әуесқойымын:  кофеқайнатқышта кофенің әртүрлі түрлерін дайындағанды, түрлі сорттарды сынап көруді, қуыру дәрежесімен тәжірибе жасауды және кофе машинасының керек-жарақтарын жинауды ұнатамын.

Сіз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе не?
Денсаулықты сақтау, өмір/жұмыс тепе-теңдігін сақтау және, әрине, жақын адамдарыма қамқорлық жасау.

13.03.23, Жетістік тарихы, Жаңалықтар

Көру саны: 242