ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙДАН 7 МЕДАЛЬ АЛЫП КЕЛДІ
Пекиндегі IESO 2024 жер туралы ғылымдар бойынша 17-ші халықаралық олимпиадасы аяқталды. Yessenov Foundation, оның құрылтайшысы Ғалымжан Есеновтың бастамасымен, 2017 жылдан бері қазақстандық оқушылар командасының демеушісі болып келеді. Бұл олимпиадада елдің намысын төрт жоғары сынып оқушылары қорғады: Эстер Амракулова, Әлім Ануар, Айтөле Нұрахан және Бекарыс Ташмұханбет. Астанаға балалар 7 медальмен оралды.
Пекиндегі IESO 2024 жер туралы ғылымдар бойынша 17-ші халықаралық олимпиадасы аяқталды. Yessenov Foundation, оның құрылтайшысы Ғалымжан Есеновтың бастамасымен, 2017 жылдан бері қазақстандық оқушылар командасының демеушісі болып келеді. Бұл олимпиадада елдің намысын төрт жоғары сынып оқушылары қорғады: Эстер Амракулова, Әлім Ануар, Айтөле Нұрахан және Бекарыс Ташмұханбет. Астанаға балалар 7 медальмен оралды.
Корпоративтік «Жас геолог» қоры дайындаған және іріктеп алған Қазақстан командасы 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. IESO 2024 жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпин білім алған Пекиндегі №101 орта мектебінің кампусында өтті.
Геология, қоршаған орта ғылымдары, метеорология және астрономия бойынша жас білімпаздардың халықаралық жарысына 35 елдің 136 өкілі қатысты, олардың қатарында Австралия, Қытай, Жапония, АҚШ, Эстония, Германия, Норвегия, Пәкістан және басқалар болды. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: жеке тестілеу, халықаралық команда құрамындағы далалық зерттеулер және экожоба Earth System Project. Биылғы IESO ұйымдастырушылары Пекин университеті, Қытай Ғылым Академиясы университеті, Қытай сейсмологиялық қоғамы және Пекин №101 орта мектебі болды.
Қазақстан командасының нәтижелеріне тоқталсақ. «Tamos» лингвистикалық мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Эстер Амракулова жеке теориялық тестілеуде қола медальға ие болды, ал ол жұмыс істеген халықаралық команда Earth System Project жобасында үшінші орын алды. Бұдан басқа, жас қазақстандық қола жүлдеге халықаралық далалық зерттеулер командасы құрамында ие болды.
Біздің еліміздің тағы бір өкілі, Павлодардан келген оныншы сынып оқушысы Әлім Ануар жеке тестілеуде үшінші қола медальді және Earth System Project жобасы аясында халықаралық команда мүшесі ретінде күміс медальді жеңіп алды:
– Маған олимпиада ұнады. Әсіресе тестілеу және жарыс күндері мәдени бағдарлама іс-шараларымен толықтырылуы ерекше ұнады. Мен бұрын мұндай халықаралық шараларға қатыспағанмын және басқа елдердің қатысушыларымен тең дәрежеде бәсекеге түсе аламын ба деген қызығушылық болды. Үшінші орынды иеленгеніме қуаныштымын. Қытай және Шығыс Азия елдерінің IESO 2024 жоғары орындарға ие болғаны кездейсоқ емес деп есептеймін. Бұл елдерде жер туралы ғылымдар математика немесе химия сияқты маңызды пән болып табылады.
Тағы бір күміс медальды Алматыдан келген тоғызыншы сынып оқушысы Бекарыс Ташмұханбет (сондай-ақ Earth System Project жобасында) жеңіп алды. Ал оныншы сынып оқушысы Айтөле Нұрахан Қазақстанға төртінші күмісті халықаралық далалық зерттеулер командасының мүшесі ретінде алып келді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық құрамада қоржынында 7 медаль бар: 3 күміс және 4 қола.
Қазақстан делегациясы құрамында олимпиадаға қатысқан Yessenov Foundation бағдарламалар менеджері Айгерім Султан былай деді:
– IESO 2024 біздің жас геологтарға халықаралық деңгейде өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Әсіресе балаларға далалық зерттеулер қызықты болды. Сол жерде қатысушылар геологиялық нысандармен тікелей жұмыс істеді: тау жыныстарын бақылап, сынақтар жүргізді, ландшафттың қалыптасуы мен өзгеруіне әсер еткен процестерді талдады. Ұйымдастыру тұрғысынан олимпиада үлгілі болмағанымен, бастысы – қазақстандық оқушылар, яғни жер туралы ғылымдар саласындағы үздіктер, өз білімдерін көрсетіп, басқа елдердің жоғары сынып оқушыларымен бәсекелесуге, командада жұмыс істеуге, достасуға және ұйымдастырушы елдің мәдениеті мен тарихымен танысуға мүмкіндік алды.
Құрылтайшысы кәсіпкер және меценат Ғалымжан Есеновтің бастамасымен Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 2017 жылдан бері жас қазақстандық геологтар командасының IESO халықаралық олимпиадасында демеушісі болып табылады.
20.08.24, Жаңалықтар, Жаңалықтар
Көру саны: 182