Ирина Федорова

22 жаста, Nazarbayev University студенті, тараздық. 2015 жылғы жазғы ғылыми тағылымдаманы Рочестер технология институтында өтті.

1. Дәл осы мамандықты таңдауыңыздың себебі неде?

Менің техникалық мамандыққа деген қызығушылығым бала күнімде пайда болды.  Мен телекоммуникация саласында өз ісінің маманы болған әкемді үнемі мақтан тұттым. Әкеме қараған сайын әр кез өз-зімді кемелдендіріп, жаңа нәрселерді үйренгім келетін. Жетінші сыныпта оқып жүргенде мен болашағымның электроника және байланыс саласымен байланысты болады деп нақты шешім қабылдадым.  

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?

Біздің университеттегі қордың жазғы тағылымдама бағдарламасы жайлы презентациясын ұйымдастырушылардың бірі бола жүріп, байқауға өтінім тапсыруға ынта пайда болды.  Мен өз күшімді тексеріп көруді шештім. Құжаттарды тапсырып, эссе жаздым. Соңғысы қиындау болды, себебі өзіңнің білігің мен жоспарларың туралы түсініктің болуы мен ол туралы эссе жазып, эссені оқитын бейтаныс адамды ниетіңнің беріктігіне сендіру – бұл екі бөлек нәрсе. Содан соң интервью болды. Әдеттегі жеке өткізілетін сұхбаттан бұл ерекше түрде, яғни топтық интервью түрінде өтті. Меніңше, іріктеудің осы тәсілі тиімді болды деп ойлаймын.  

3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сабақтан тысқандай қызықты жайттар болды?

Зертханада жұмыс жасау өте қызықты болды, сондықтан шығар мен жұмыс күнінен соң кеш қалып, кейде демалыс күндері де жұмыс істейтінмін. Дегенмен топтағы студенттермен бірге сабақтан сергу үшін бос уақыт табатынбыз. Мен жаңа таныстарыммен араласудан және де өте әдемі жерлерге барғаннан жағымды әсер алдым. Біз топтағы студенттермен бірге Ниагар сарқырамасына және шыны музейіне де барып қайттық. Сондай-ақ, Нью-Йорктегі бостандық мүсінін тамашаладым.  Таң ертеңгі және кешкі уақытты мен көбіне спорт залында немесе бассейнде өткізетінмін.  

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?

Тағылымдама екі жарым айдай уақытта өтті. Мен зерттеу жұмыстарымен толығымен танысып, зертханада жұмыс жасау тәжірибесіне ие болып, сонымен қатар алған тәжірибемді өзекті тақырыпта (машиналы оқыту алгоритмі) жұмыс жасауда қолдана алдым. Сондай-ақ мен презентациялар мен талқылауларға қуана қатыстым. Ал тағылымдама аяқталу барысында симпозиумға қатысу маған қол жеткізген жетістіктерімді көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде осының бәрі дипломдық жұмысымды жазуда септігін тигізіп жатыр.  Тағылымдама барысында жаңа бағдарламалар мен қызықты адамдармен таныстым.

16.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 1,809