FIRST YEAR: DONE!

28 мамырда Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламасы аясында Қарағанды ​​медициналық университетінің (ҚМУ) студенттері мен оқытушыларын ағылшын тіліне оқытудың бірінші жылы өз мәресіне жетті. Аталмыш аймақтық университетте 165 адам өздерінің ағылшын тілі білімдерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

— 157 адам бағдарламаны толығымен аяқтады. Ал, бағдарламаның қалған 8 қатысушысы сабаққа қатысудың төмен көрсеткіші және тестілеуден өтпеу себептеріне байланысты мұны жасай алмады, — деп қордың бағдарлама үйлестірушісі Айгерім Султан хабарлады. — Егер қазан айында, біз бағдарламаны жаңадан бастаған сәтте, advanced және upper intermediate деңгейіндегі бірде бір қатысушы болған жоқ балса, бүгінде британдық оқытушылар – Бенджамин Грин, Полин Беззан мен Энтони Дюррант – өздерінің 60 оқушыларының тілді осы  деңгейлерде меңгеруіне қол жеткізе алды.

Бағдарлама қатысушылары арасында докторанттар мен магистранттар және де оқытушылар болды. Оқу жылының басында тапсырылған тест нәтижелері көбінің ағылшын тілін меңгеру деңгейлері pre-intermediate немесе intermediate аралығында екенін көрсетті. Ал, оқу жылының  соңында олардың барлығы бір сатыға көтерілді. 17 қатысушы тестті upper intermediate, ал 32 қарағандылық медициналық студент ағылшын тілін advanced деңгейіне дейін жетілдірді. Университет басшылығының айтуынша, студенттер тарапынан ағылшын тілі бағдарламасы жайлы көптеген жағымды пікірлер айтылған.

— Алдымызда бағдарламаның тағы бір жылы бар. Курсты әрі қарайда ағылшын тілі иегерлерімен жалғастыруды қалайтындар саны көп. Барлығы да жақсы ұйымдастырылған, студенттеріміз өз университетіміздің қабырғасында ағылшын тілін меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама қатысушыларының көпшілігі маған тосқауылдан өтіп, ағылшын тілінде сөйлей бастағандарын айтып жатты. Көбінің ағылшын тілінде еркін сөйлеу, сөздерді дұрыс айту қабілеттері айтарлықтай жақсарды, — деп ҚМУ Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры Анар Ақылбекқызы мәлімдеді.

Бағдарламаның бірінші жылының мақсатына қол жеткіздік: студенттер мен оқытушылар шет тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттілігі межесі бойынша келесі деңгейге өтті. Ал тестілеу нәтижелері бойынша қор бағдарлама серіктесі Bonas McFarlane Kazakhstan-мен бірге бағдарламаның үздік 15 студентін таңдады — бұл оқытушылар мен PhD докторанттар. Есенов атын. қоры өз кезегінде аталмыш студенттерге IELTS емтиханын тапсыруды қаржыландырады. Көпшілігіне бұл сертификат қажет, өйткені олар осы жазда докторантураға тапсыруды жоспарлап отыр.

Жеңімпаздар қорытынды тест нәтижелері, сабаққа қатысу көрсеткіші және үй тапсырмасы бойынша таңдалды. Олар үшін IELTS емтиханы маусым айының соңында өтеді деп күтілуде. Ағылшын тілі бағдарламасы бойынша ең үздік студенттердің бірі 37 жастағы докторант және ғылыми-зерттеу орталығының директоры Дмитрий Бабенко атанды. Сонымен қатар, ол шілде айында басталатын жас ғалым-талдаушыларға арналған Yessenov Data Lab жазғы мектебінді білім алу құқығын жеңіп алды.

Қыркүйек айында Қарағанды ​​медициналық университетінде ағылшын тілі бағдарламасының екінші жылының қатысушыларын іріктеу өтеді. Оған 90 студент, 70 оқытушы, магистрант және докторант қатысады деп жоспарлануда. Сабақтар қазан айында басталады. Академик Ш.Есенов атын. қорының ағылшын тілі бағдарламасы Қазақстанның аймақтық жоо өткізіледі.  Қазірдің өзінде аталмыш бағдарлама Ақтау қаласындағы Yessenov University (2013-2016) мен Қорқыт ата атын. Қызылорда мемлекеттік университетінде (2017-2019) жақсы нәтижелер көрсетіп үлгерді. Өткен жылы ашық конкурста бағдарлама гранттын Қарағанды ​​медициналық университеті жеңіп алған болатын. Жеңімпаз университет 2 жыл бойы бағдарламаны өз қабырғасында өткізеді, және оқу жылының соңында үздік оқытушылар мен студенттер IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

2.06.20, Жаңалықтар

Көру саны: 154

Другие новости