FIND YOUR WAY: 200 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫCЫ
“Find Your Way” — деген атаумен Алматыда науқан өтті. Науқанның мақсаты – жоғары сынып оқушылары мен колледж бен бірінше курс студенттерінің студенттік өмірді барынша тиімді әрі қызықты өткізулеріне көмектесу. Іс-шараға 200 адам қатысты. Ал 12 сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.
— Біз оларға уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін, қандай ресурстарды өзіне көмекке алуға, өз өмірімізді қалай жарқын етуге болатынын айтып бердік. Сондай-ақ, іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде, “Find Your Way” жобасын мектептептің соңғы сынып оқушыларына қызықты, өзекті болатын тақырыптарға арнай отырып, алдағы уақытта жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деп хабарлады Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының жобалар үйлестірушісі, Сергей Левадний.
Кездесу төрт сағатқа созылды, әр қатысушы өз қызығушылықтарына сәйкес дәрістер мен интерактивті ойындарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Осы уақыт ішінде балалар алдында Нархоз Университеті, softskills.kz, HiPo және MyFutureToday, grants.kz білім беру саласында беделді болып табылатын қазақстандық ұйымдар мен компания сарапшылары дәріс оқыды.
Soft Skills Qazaqstan жобасының негізін қалаушы Владимир Кущенко жобаға қатысушыларға неге біреулер барлық салада жетістікке жетеді де, ал біреулердің жолы болмайтындығы туралы айтып өтті.
— Біз бүгінгі шараға көп жастардың қатысқанына қуаныштымыз. Барлығыда жігерлі жастар, әрине болашақта олар “Find Your Way” жобасында айтылған ноу-хау кеңестерге көңіл бөліп жатса жақсы болар еді. Балалардың бүгінгі қызығушылықтары мен ынталарына қарап барлық айтылған кеңестерді түсінді деген ойдамыз, – деді іс-шараны жүргізуші Владимир Кущенко.
Сондай-ақ, эмоциялық интеллект туралы толығырақ түсіндіріп өтті. Жұмыс іздеу саласындағы маман Александра Пак (HiPo) өз арманын іздеуде тамаша түйіндемені дайындау жолдарын, сұхбаттасу және жұмыс орнында бейімделу кезіндегі мінез-құлық құпиясымен бөлісті. Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Дана Шаяхмет (Нархоз университеті) қатысушыларға жоо-да оқуға зиян келтірместен жұмыс тәжірибесін қалай алу керектігін және университетке түсу кезінде қандай мүмкіндіктер пайда болатынын айтып берді. Ал Дана Зиябекова (Education USA) Халықаралық емтихан тапсыруға және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілерге кеңес берді.
Іс-шараның әр дәрісі 30 минуттан аспады. Ал соңында дәрістер түрлі сұрақтармен және ой бөлісу арқылы бекітілді. Сонымен қатар, оқушылар дәрістер арасында жеңіл-желпі тамақтанып, жүрек жалғауға мүмкіндік алды.
26.08.19, Жаңалықтар
Көру саны: 157