Ерасыл Дияс
Мамандығы: бағдарламаларды қамтамасыз ету инженері. Тағылымдама: POWr стартапы.
25 жасар Ерасылдың әзірге ең басты жетістіктері Астана қаласындағы университетті аяқтауы және Shakhmardan Yessenov Foundation гранттық байқауында жеңіске жетуі. Соңғысы американдық стартаптардың бірінде тағылымдамадан өтуге және кәсіби маман ретінде өз деңгейін көтеруге көмектесті.
Ол белсенді демалысты жақсы көреді, қыста шаңғы мен сноубордта сырғанағанды ұнатады. Калифорнияда жүрген кезінде серфингтіде сынап көрді. Ерасыл Алматылықтардың көпшілігі сияқты тауды жақсы көреді, бірақ “мен тауға көтерілу процесінің жанкүйері емеспін, тікұшақпен бірден жоғарыға көтерілгім келеді”-дейді өз сөзінде.
IT саласында қалай келдіңіз?
Бұл салаға жоо оқып жүргенде келдім. Foundation бірінші жылында Civil Engeneering саласына (азаматтық құрылыс сияқты нәрсе) барамын деп ойладым. Өйткені “Big, bigger the biggest” және т.б. инженерия туралы телебағдарламалармен әуестеніп жүрдім. Бір бөлмеде тұратын досым Ануар Серіков мықты бағдарламашылардың бірі болатын. Осылай, досым Ануардың кеңесімен компьютерлік ғылымдар саласына (Computer Science) баруға шешім қабылдадым.
Тағылымдама барысында өзіңіз үшін қандай жаңалық жасадыңыз?
Кремний алқабындағы тағылымдамаға дейін мен Қазақстандағы өз стартабымда жұмыс істедім. Тағылымдамадан өту барысында істеген жұмысымның Қазақстанда істеген жұмысымнан айырмашылығы болмады. Ол жақтада дәл осы жұмыстарға жауап бергенмін. Өйткені бүгінгі күні Интернет арқылы әлемдегі кез-келген адамның ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігі бар, жалпы алғанда, барлығы ұқсас тәжірибелерді пайдаланады. Бірақ, жұмыста бір маңызды айырмашылық бар, бұл ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер. Бізде олар жоқ, Сан-Франциско алқабында IT-компаниялардың саны көп. Бұл кооперацияны жеңілдетеді, мәселелерді талқылау және олармен келісу оңай, өйткені оларға қол созылып жатыр. Мысалы, бізге, яғни POWr-ге, Paypal мен Shopify-ден жас мамандар келді, бірлесіп ортақ жұмысты талқыладық. Бұл платформалармен біз белсенді жұмыс жасаймыз.
Тағылымдама барысында немен айналыстыңыз?
Мен POWr.io компаниясында жұмыс істедім. Олар сайттар немесе Интернет-дүкендер құру платформасында қосымша функционал жасау үшін веб плагиндерді әзірлеумен айналысады. Компанияның негізгі клиенттері-шағын бизнес иелері. Олардың сайт жасайтын программистерді жалдауға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен қатар, платформалардың көпшілігінде шектеулі функционал жиынтығы бар, POWr.io пайдаланушылар үшін көбірек мүмкіндіктер жасайды. Алғашқы 3 айда тұтынушылармен (Front End), яғни плагиндердің баптауларымен айналыстым, кемшіліктерді түзетіп, жаңа функционалды енгіздім. Содан кейін серверлік бөлімнің командасына қосылып, ішкі жүйелермен жұмыс істедім, сайт пен құрастыруды оңтайландырдым, төлем жүйесіндегі қателерді түзеттім.
Табысты ма?
Иә, плагиндердің бірнеше параметрлерін қайта жаздым, бұл функционалды өзгертпей код сапасын жақсартты. Біздің жүйеге бірнеше жаңа платформаларды біріктірді. Жалпы менің барлық жобаларым сайтты оңтайландырумен және серверлер бойынша шығындарды қысқартумен байланысты болды. АҚШ-та стартаптардың қалай жұмыс істейтінін білдім.
Алға қойған жоспарыңыз?
Алматыға оралғаннан кейін POWr-мен қашықтан жұмыс істеуді жалғастырудамын. Бұған дейін компания Almaty Tech Garden-де шағын офис ашқанмын. Өткен жылы оны 17 адамға дейін кеңейттім. Жақында тағы бірнеше мамандарды жалға алып, тағылымдамадан өтушілерді жинаймыз.
16.01.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 143