Элина Дарина
Мамандығы: органикалық заттардың химиялық технологиясы. Тағылымдама: Саутгемптон университеті, Ұлыбритания.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ магистратурасының түлегі жақында өзінің 23 жасын атап өтті. Біз Элинадан оны химиядан басқа не қызықтыратынын сұрағанда, сүйікті телехикаяларының, сусындарыдың, кітабының атын естиміз деп күткен едік. Алайда ол: ғылыми мәліметтер туралы онлайн курстар, гуманитарлық ғылымдар туралы бейнелер деп жауап берді. Қазір ол өз мамандығы бойынша өндіріс саласында жұмыс істейді. Ал қажетті практикалық тәжірибе жинағаннан кейін, докторантураға түсуді жоспарлап отыр. Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазымен танысыңыздар.
Егер біз қызығушылықтары туралы байыпты болсақ, ол тек Big Data-мен шектелмейді. Қарағандылық қыз «тарих және саясат туралы» кітап оқығанды, қолдан жасаған ашық хаттарын достарына сыйлағанды ұнатады, жасанды гүлдер жасайды: «өте сүйкімді букеттер мен шаш әшекейлерін».
Химия Сізді несімен қызықтырды?
Мектепте профильдік пәнді таңдағанда, ҰБТ-да қай пәннен оңайырақ болатынын ескердім. Ал химиямен ешқандай да қиыншылық туындамады, мектеп мұғалімі кез-келген, тіпті ең күрделі материалды тамаша түсіндіретін. Алайда бұл салаға деген үлкен қызығушылық университеттің жоғарғы курстарында зертханада заттарды синтездей бастағанда пайда болды. Осылайша, химия – бұл қорқынышты формулалар ғана емес, сонымен бірге толығымен шығармашылық ғылым екенін түсіндім, мұнда өз қолыңмен құнды нәрсені жасау үшін эксперименттер жасау керек.
Есенов атын. қор байқауы несімен есіңізде қалды?
Әрине, соңғы кезең – тренинг, іскерлік ойын – және де мықты қатысушылар! Шынымды айтсам, сұхбат барысында сасқалақтап қалдым, қор өкілдерінің назарын қалай «өзіме аударуға» болатынын білмедім. Барлық қатысушылардың жауаптары, түрлі салалардағы жетістіктері әсерлі болды. Жауаптарымды бірнеше рет ішімнен қайталадым, бірақ ойларым әбден шатасты… Алайда, менің кезегім келгенде, сөздер кенеттен жеңіл әрі бірқалыпты ағынмен төгілді. Бізден шынайы сөйлеуді өтінді, бұл менің қолымнан келді деп ойлаймын… Финал алдындағы түнде ұйықтай алмадым.
Тағылымдамадан өту кезінде ғылыми жұмысыңыздың мақсаты не болды?
Профессор Ричард Браунның басшылығымен Саутгемптон университетінің химия кафедрасының зертханасында жұмыс істедім. Біз кейбір өсімдіктердегі таширомин затын синтездеуге тырыстық. Оның негізі, гетероциклді сақина, биологиялық белсенділікке ие және бірқатар препараттардың негізі болып табылады. Бізге, яғни зертхананың студенттік жобасына қатысушыларына, осы заттың молекуласын синтездеп, процестің ең оңтайлы шарттары мен реактивтерін таңдап алу қажет болды. Әр зерттеудің нәтижелері (Протон ядролық магниттік-резонанстық спектрлері) ACD Labs зертханаларында авторланған компьютерлік бағдарламада өңделді.
Нәтижелері қандай болды?
Барлық реакциялар сәтті және уақытында өтті. Әрине, кейбір қиындықтар болды, алайда оларсыз зерттеу жасау мүмкін емес. Жасанды түрде алынған молекула Таширомин табиғи молекуласына сәйкес келді. Үш ай ішінде көп нәрсені үйрендім. Себебі, кейбір реакцияларды өмірімде бірінші рет жасадым. Басқа зерттеулер екі аптадан астам уақытқа созылды, өйткені өте төмен температурада және ылғал болмаған кезде жұмыс істеу керек болды. Осы жағдайлардан кез-келген ауытқу шығындарға әкеліп соғады. Заттарды колонна хроматографиясы арқылы қалай тазартуға болатындығын үйрендім – бұған дейін тек теориясымен таныс едім.
Қалай демалдыңыз?
Тек мен тұрған қаладағы емес, сонымен қатар жақын қалашықтарда орналасқан барлық мұражайлар мен галереяларды аралап шықтым (олар көбінесе Ұлыбританияда тегін). Лондонға сапарым ерекше есімде қалды. Тіпті, кездейсоқ «Брекзит»-ке қарсы митингіге тап болдым. Сондай-ақ менің қаламдағы LGBT pride-ты да көрдім. Кештерде көршілерімізбен жергілікті реалити-шоуларды тамашалап, бір-бірімізді ұлттық тағамдарымызбен таныстыратынбыз.
Элина, алдағы жоспарларыңыз қандай?
Жақында азот гетероциклдеріне негізделген жаңа күрделі қосылыстарды зерттеу бойынша магистрлік диссертациямды қорғадым. Қазір өндірісте химик болып жұмыс жасаймын. Докторантурада оқуымды жалғастырғым келеді, қазір бағытты анықтап жатырмын. Жалпы мені «жасыл химия» қызықтырады. Оның мақсаты – өндірісте табиғатқа зиян келтіретін зиянды және улы химикаттарды қолдануды азайту. Бұл сала өте перспективті: ол әлі де органикалық синтез, бірақ басқаша дамып келеді.
23.07.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 134