Дина Құсаинова

Мамандығы: химиялық инженерия. Тағылымдама: Princeton University, АҚШ.

Биылғы жазда ол Америкаға барып келді. Жоқ, олай емес. Петропавлдан шыққан 22 жастағы студент қыз үшін – бұл тым қарапайым және қате болады. Дина академик Ш.Есенов атындағы қордың грантын жеңіп қана қоймай, сондай-ақ әлемнің ең беделді зерттеу орталықтарының бірінде – Принстонда халықаралық студенттерге арналған бағдарламаға қатысты. 

Осының бәрі биден басталды. Бала кезінде Дина өзінің би тобымен жиі саяхаттап жүрді. Уақыт өте келе билер де жоғалды, ал саяхатқа деген ұмтылыс, сондай-ақ ғылыми фантастикаға деген әуестік өзімен бірге қалды. Ғылыми зерттеулерді жүргізу біздің кейіпкерімізге көп саяхаттауға және тіпті бір кезде фантастикалық болған идеяларды тәжірибеде іске асыруға мүмкіндік береді. Оны жаңа жерлер, әсіресе, сапар барысында өзіне кездесетін адамдар шабыттандырады.

Химиямен айналысатыныңызды қалай және қашан түсіндіңіз?
Мен химияны ғана қоймай, ішіне бірден бірнеше ғылым кіретін химиялық инженерияны да жақсы көремін. Соның ішінде, мектеп кезінен ұнататын физика мен математиканы. Оныншы сыныпта, барлық оқушылар болашақ мамандығы жайлы анықтап алған кезде, мен келешекте немен айналысатынымды мүлдем білген жоқпын. Сол кезде күтпеген кездейсоқтық өз рөлін атқарды: мен елімізде әйгілі мұнай газ ісі мамандығына оқуға түскім келді, бірақ ақыр соңында химиялық инженерияға түстім. Осы мамандықты білім алу және зерттеу жұмыстарын орындау барысында ұнаттым. Ең қызықтысы, сонымен химияға қызығушылығым болмай қойды.

Тағылымдама қалай өтті?
Мен түрлі елдерден шыққан студенттерге арналған бағдарламаға қатысқан 20-дан астам баланың біреуі болдым. Қытайдан, Үндістаннан, Мысырдан және басқа да елдерден келген құрдастарыммен бірге жұмыс істедім. Мен жатақханада тұрып, профессор Атанасиос Панайотопулостың тобында тағылымдамадан өттім. Маған үш жас докторант ғалым жетекшілік етті. Мен балқытылған натрий хлоридті зерттедім. Не үшін? Ол белгілі электродлит болып табылады, отын элементтерінде қолданылады. Біз қосылыстың химиялық әлеуетін есептеу үшін, олардың қайсысы көбірек жарайтынын анықтау үшін, атомдардың өзара әрекеттесу параметрлерінің екі моделін тестіледік. Филадельфияға әсерлі саяхат жасағаным есімде қалды. Қысқа мерзімде біз 4 баламен достасып кеттік: бәріміз 4 шілдеде отшашуларды көру үшін Нью-Йоркқа барып, Атлантика мұхитінің жағасында менің туған күнімді атап өттік.

Тағылымдама айларында не нәрсені жасауға үлгердіңіз?
Біріншіден, енді мен Linux операциялық жүйесімен жұмыс істей аламын. Бұдан басқа, Gromacs бағдарламасы туралы өз білімдерімді кеңейттім — онымен мен бұрын да жұмыс істедім, бірақ кейбір функциялар жайлы жуырда білдім. Python тілінде бағдарламалаудың базалық дағдыларын меңгердім. Осы үш ай ішінде қаншама әдебиет оқып шықтым! Біз натрий хлоридтің түрлі жағдайлардағы химиялық әлеуетін есептеп, болжамымыздың дұрыстығын растадық. Үйге қайтқан соң, мен осы жобамен жұмыс істеуді жалғастырдым. Нәтижесінде біз зерттеуді аяқтап, қазіргі таңда мақаланы жазуды қолға алдық. Менің ойымша, жылдың соңына дейін, келесі жылдың басында ғылыми журналда жариялаймыз.

Жоспарларыңыз қандай?
Жақсы бір университетке докторантураға оқуға түсіп, зерттеулерді жалғастыру. Көптеген адамдар докторантура – бұл оқуды жалғастыру деп ойлайды, бірақ бұл жеке меншік жобаны іске асыру. Тағы бір қате пікір – докторантурадан кейін міндетті түрде академияға бару қажет. Алайда бұл олай емес, және бәлкім, мен өндіріске жұмысқа баратын шығармын Ал жақын арада мен мақаланы жазуды аяқтап, дипломдық жұмысты тапсырып, бакалавр дипломын алуға тиіспін. Сонымен бірге химик-инженерлер үшін қажетті Python-ды меңгеремін.

Сізде қордың гранттар конкурсына өтінімді берейін бе деп ойланып жүрген жастарға пікіріңізді айтуға мүмкіндік бар.
Менің ойымша, көп ойлану қажет емес, одан да құжаттарды жинап, өтінімді берген жөн. Бүкіл өміріңізге әсер ететін тәжірибе алу және өз күшіңізді сынап көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

19.11.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 223