Дилара Султанова

Мамандығы: органикалық заттардың химиялық технологиясы. Есенов шәкіртақысының иегері (2016-2017 жж.).

22 жасар Дилара Көкшетауда туып-өскен. ҚБТУ түлегі академик Ш.Есенов атындағы қордың конкурсын жеңіп алды және Есенов шәкіртақысының иегері атанды. Оның түйіндемесінде Ресейдегі медициналық химия бойынша халықаралық конференцияға қатысуы және бірнеше ғылыми мақалалары тізілген.  

Шәкіртақылық бағдарлама конкурсында жеңіске қалай жеттіңіз?
Мен үшін бұл жеңіс – ешқашан берілмеу керек екендігінің үлгісі. «Сен берілмегенше, ешқашан жеңілмейсің», — менің басты ұрандарымның бірі. Мен Есенов атындағы қор бағдарламасының «Дүние жүзінің зертханаларындағы тағылымдамалар» конкурсына қатыстым. Мен қорытынды кезеңде барлық 100%-ға өзімнің қабілеттерімді көрсете алмадым. Нәтижесінде, менің жолым болмады. Сондықтан да мен шәкіртақылық бағдарламаға өтінім берген кезде, жақсылап дайындалдым, жинақталдым және шәкіртақыға менің толық лайық екендігімді, неліктен оны дәл мен алуым керектігін көрсету үшін өзімнің барлық аргументтерімді толық баяндап бердім. Бизнес-ойын кезінде барынша белсенділік, бастамашылдық пен тапқырлықты таныттым. Сайыс өзінің тапсырмаларының қызықтығы және қатысушылардың идеялары мен көзқарастарымен таңғалдырды. Осылайша жеңіске жеттім.

Жеке, кәсіби жоспарларды жүзеге асыруда шәкіртақы сізге қалай көмектесті?
Есенов шәкіртақысы кәсіби жоспарлар мен машықтарды дамытуда сенімді қаржылық қолдау болды. Мен ата-анама қаржы жағынан тәуелді болмадым. Шәкіртақыны үшінші курста алдым, осы курсты аяқтаған кезде барлық студенттерге өндірістік тәжірибеден өту керек болды. Маған тәжірибені екі белгілі мұнай өндіруші компанияда өту мүмкіндігі берілді – «Тенгизшевройл» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг». Және де шәкіртақымның негізгі бөлігін мен тұру және көлікпен жүріп-тұрумен байланысты шығыстарға жұмсадым. Сонымен қатар, мен IELTS-ке дайындау курстарына қатыстым, бірнеше оқу құралдарын сатып алдым және емтиханды ойдағыдай тапсырдым.

Бір жылда не жасап үлгердіңіз?
Жыл қарқынды өтті, себебі ол менің жақын болашағымның бағдарын айқындап тұрды. Негізгі жетістіктерімнің ішінде дипломды қорғауды А (100-ден 97 балл) деген бағаға тапсыруымды, және, әрине, Nazarbayev University университетінің Master of Science in Chemical and Materials Engineering магистратура бағдарламасына оқу қабылдануымды атауға болады.

Қандай жоспарларың бар?
Мені Қазақстанның мұнай секторы өте қызықтырады, сондықтан да мен тәжірибе жинақтап, өзімнің теориялық білімдерімді іс жүзінде қолдануды жоспарлаймын. Тәжірибе өткен компаниялардың біріне жұмысқа орналасқым келеді. Және, магистратураны да аяқтап шығу керек, бірақ бұл туралы айту әлі ертерек.

16.07.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 59