Дилара Исаева

Семейден келген Дилара Исаева, Nazarbayev University білім ала отырып, 2015 жылы профессор Клиффорд Кубиактың химия мен биохимия зертханасында (University of California, San Diego) тағылымдамадан өтті. Ал бүгінгі күні ол магистратура студенті болды және де Université de Lille  (Франция) және Leipzig University (Германия) оқып жатыр.

1. Сізде мамандыққа деген қызығушылық қалай пайда болды, оқуға түсу кезінде неге дәл соны таңдадыңыз?

Мен өзімнің болашақ кәсібімді 8-сыныптан бастап айқындадым. Химияны таңдау оңай болды, себебі мектебімде сол пән бойынша тамаша оқытушы  – Рымжан Каргабаева сабақ берді. Ол күрделі тақырыптарды сыныптағы оқушылардың көбісі пән бойынша қиын тапсырмалардың шешімдерін жеңіл табатындай түсіндіре алатын. Ұстаз дағдыландырған қызығушылықтан басқа, менің таңдауыма өзімнің химиялық тапсырмаларды шешу және эксперименттерді жүргізу үдерісінен ляззат алатыным әсер етті.

2. Тағылымдамаға арналған грант конкурсында ең қиын болған нәрсе?

Екінші тур, әрине. Біздерге белгілі бір күш салу қажет болған, бірден жауап беру керек болатын тапсырмалар мен сұрақтар берілді. Осыған қарамастан, маған өзім сияқты конкурсанттармен – дарынды, көңілді әрі ақылды балалармен бірге бір күн өткізу өте қызықты болды.

3. Тағылымдама кезінде Сіз немен айналыстыңыз?

Мен гетерогенді катализ саласында маманданатын зертханада тағылымдамадан өттім. Бұл химиялық реакцияларды жылдамдататын заттар туралы. Зертханада біз көмірқышқылды газды қалпына келтіре алатын никель катализаторын синтез жолымен алдық. Белгілі болғандай, бұл парниктік газ, және де оның концентрациясының азаюы Жердегі экологиялық ахуалды жақсарта алатыны анық.

4. Сізге белгілі болған тағылымдаманың нәтижелерін қалай бағалайсыз, Сіз нені білдіңіз, қандай тәжірибе жинадыңыз?

Біз катализаторлардың түрлі типтерін алдық, және жұмыс нәтижелері таңқаларлықтан асып түсті деп айтуға болады. Мен манипуляциялық қолғап камерасы, Шленка желісі, ядролық-магнитті резонанстық спектрометр және инфрақызыл спектрометр сияқты жаңа жабдықпен жұмыс істеуді үйрендім. Зертханада мен докторант-студенттермен таныстым. Олар маған көп нәрсе туралы айтып берді. Олардың жұмысын бақылау, олармен қатынасу өте танымдық болды. Олардың және менің жетекшімнің арқасында мен гетерогенді катализ саласында оқуымды жалғастырғым келетінін түсіндім. Сондықтан да, мен қазір магистратурада оқып жатырмын. Одан әрі жоспарымда докторантура бағдарламасына түсу, химиялық компанияның ғылыми-зерттеу бөлімінде жұмыс істеу және, әрине, оқытушы болу. Менің мақсатым – сол кезде менің ұстазым жасағандай, жастардың ғылымға, химияға деген қызығушылықтарын тудыру болып табылады. Мен жалпы ғылыми және ұстаздық қызметімді қоса атқаруды ойлаймын, әрине, бұған әлі көп уақыт бар – көп үйрену және көп жұмыс жасау қажет. Сүйікті іспен айналысқан кезде, қалағаныңа жетуге болады.

2.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 63