Бексұлтан Сейдулла

Мамандығы: механика. Тағылымдама: Massachusetts Institute of Technology, АҚШ.

Жас мамандарға арналған тағылымдамалар байқауының осы жеңімпазына, өзінің зерттеу жұмысын әлемнің ең үздік университеттерінің бірі MIT-де өткізу бағы бұйырды. Бексұлтан Алматы қаласынан, ол 24 жаста. Бүгінгі таңда Ш. Есенов атындағы қор байқауының жеңімпазы Қазақстанның ірі құрылыс компанияларының бірінде инженермеханик болып жұмыс істейді.
Бұл материалдың кейіпкерінің тағылымдамасы іс жүзінде демалыссыз өтті. Зертханадағы әріптестерінің қазақстандық тағылымдамадан өтушіге өте жылы ниет танытқанын ескеретін болсақ, Bioinstrumentation зертханасындағы тағлымдаманың барлық үш айы, ол үшін туған үйіне айналғаны таңқаларлық емес.  Бұл зертхана оптика, биология, химия, физика және робототехника сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асырады.

Физикаға деген қызығушылық қайдан келеді?
Мен мектепте физика-математика сыныбына ауыспағанымша, физика пәнінен менде жақсы  нәтиже болған жоқ…Кез келген тарихта тұлғаның тағдырына әсер еткен ұлы адам болады. Менің өмірімде де осындай адам болды, ол физика пәнінің мұғалімі – Ханымбуби Сергазиева. Ол сабақ бергенде бар жанын салатын, қатаң харизматикалық мұғалім. Сол сәттен бастап физика пәні маған түсінікті болып, ешқашан күрделі көрінбейтін болды. Ол менің көптеген сұрақтарыма үнемі жауап беретін, мектептегі жалғыз мұғалімге айналғандай болып көрінді. Мен сондай-ақ, оның ұлы адамдар, орасан ашулар  мен керемет тәжірибелер туралы әңгімелерін жақсы көрдім. Осы оқиғалармен өзімді жігерлендіріп, мен сұрақтарға жауап іздеуді үйрендім.

Зертханада қандай қызық оқиғалар орын алғанын айтып берсеңіз?
Біз автопромда да, медицинада да қолдануға болатын қозғаушы күштің жаңа инновациялық түрін табуға тиіс болдық. Зерттеу жұмысы қарқынды дамыды және менің жұмысым бірден бірнеше жобаларда жүрді. Қиын болды, бірақ мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Мен жоғары қуатты лазерлік қондырғылармен және магнитогидродинамикалық қозғалтқыштармен жұмыс істедім. Университетте тек теорияны зерттегенімізге қарамастан, менің профессорымның сарапшылығы, кітаптар мен мақалаларға қол жетімділік маған өте көмектесті. Мен аэродинамиканы жобаладым, зерделедім және физикалық процестерді модельдедім.  Сонымен қатар, менің зертханадағы әріптестерімнің эксперименттеріне қатысуға мүмкіндігім болды, олар әр нәрсенің не үшін қажет екенін көрсетіп, түсіндірді. Біреулері тактильді қондырғылармен, біреулері кванттық компьютерлермен, ал біреулері генетикамен айналысты.

Тағылымдама кезінде сіз қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Мен өлшеу құралдарымен және жоғары жылдамдықты камералармен, жоғары қуатты лазерлермен, өңдеу, бұрғылау, күйдіру және кесу бойынша түрлі құрылғылармен, машиналармен жұмыс істеуді үйрендім. Осындай құралдардың жұмысын видеолардан көру бір бөлек, ал өзін сол құралдармен жұмыс істегенде өзгеше әсер аласын. Менің тағылымдамамның соңында, біздің топ әр түрлі үлгідегі қозғалтқыштарды жасап шығарды және оңтайландырды. Жұмыс нәтижелері жоспарға сәйкес келмесе де, біздің жұмысымыз –  болашақта қоршаған ортаны ластамайтын қозғалтқыштарға нақты жаңа қадам болып есептеледі.

Сіздің америкалық тағылымдамаңызда ғылымнан басқа, тағы қандай қызықтар болды?
MIT-те көптеген мүмкіндіктер бар: жүздеген үйірмелер, семинарлар, тренингтер, секциялар. Мен жүзуге және футболға бардым, бірақ мен үшін ең қызықтысы желкенді спорт болды, онда бізді желкенді қайықтармен жүзуге үйретті. Үйренудің бірінші күнін ұмытпаймын: қатты жел көтерілді, рульді ұстау, тепе-теңдікті сақтау, аударылып және біреумен соқтығысып қалмау үшін жан-жаққа 360 градуста қарап үлгеруге тура келді. Бұл нағыз экстрим болды. Соның арқасында, қазір мен қайықты алып, жер шарын аралау саяхатына бара аламын. Мен профессордың үйінде барбекюде болдым, ол маған өз үйін көрсетті, жобалармен таныстырды. Қонақтар онда түрлі музыкалық аспаптарда ойнады, мен домбырада ойнадым, бостондық қазақтар аспаптармен көмектесті. Мен жаяу көп қыдырдым. Бүкіл Кембридж, Бостонды жаяу араладым, Нью-Йоркте болдым. Көптеген жақсы адамдармен таныстым. Байқағаным, түрлі араласқан ұлттардың арасында өмір сүре отырып, өзіннің сол адамдардың барлық жақсы қасиеттерін қалай сіңіріп алғаныңды түсінбей қалады екенсін.

Ары қарай?
Тағылымдама мақсатын мен бірден алға қойған едім: жаңа дағдыларды үйрену, тәжірибе жинау, әрі қарай қандай бағытта мамандану. Мен биомедицина, жаңартылатын энергия мен механика арасында бөліністе болдым. Тағылымдама маған бір нәрсені таңдау міндетті емес екенін нақты түсінуге мүмкіндік берді, керісінше, барлық үш бағытты біріктіруге болатындығын түсіндім. Қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаймын. Докторантураға түсу жоспарымда бар.

22.04.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 176