Бекарыс Нұртай

Мамандығы: робототехника және мехатроника. Тағылымдама: Сингапур ұлттық университеті.

Бекарыс Атыраудың тумасы, жасы 21-де және де ол  робототехникамен әуестенеді. Біздің жігіт қиын күресте Шахмардан Есенов атын. қордың грантын жеңіп алып, Сингапурдың ең мықты робототехникалық зертханаларының бірінде үш айлық тағылымдамадан өтті.

Soft Robotics дегеніміз не? Бұл Сингапурдегі тағылымдамаңыздың тақырыбы ма?
Бұл «жұмсақ робототехника». Оның тірі организмде кездесетін заттарға ұқсас матариалдарға қатысы бар. Менің жағдайымда, бұл робот-скат және экзоқаңқа (шынтақ буыны үшін қосалқы механизм).

 Сізде робототехникаға деген қызығушылық қайдан және қалай пайда болды?
Нақты айта алмаймын, бірақ дәл есімде, бұл 10-сыныпта болды. Сол кезде мен мұғалімдердің бірімен достық қарым-қатынаста болды. Бірде біз ғарыштық жобалар туралы әңгіме қозғап отырдық, сол кезде ол маған ғарыштық қоқысты жинайтын робот жасауды ұсынды. Өршіл мақсат болып естілді. Дегенмен, мұғалімімнің сенімділігі мені осы саланы зерттеуге итермеледі.

Айтыңызшы, қордың гранты үшін тартысқа түскенде жеке өзіңіз үшін байқауда не қызықты болды?
Бір-бірімізден сұхбат алдық – міне осы қызықты болды. Қатысушылардың өздері ойлап тапқан терең  мағыналы сұрақтар қойылды және оларға қызықты жауаптар айтылды. Сондай-ақ, ой—өрісті тексеруге қызықты тапсырмалар болды. Сұрақты көрген сәттен, бірден өзімнің ой-өрісімнің КЕҢ ЕМЕС екенін түсіндім.  

Сингапурлық Advanced Robotics Centre зертханасындағы тағылымдамаңыз қалай өтті?
Марсело Эн және доктор Рэй Ю сияқты профессорлардың қол астында болдым. «Жұмсақ робототехника» саласындағы екі жобамен жұмыс жасадым. Маған ментор тағайындады. Мен немен айналыстым? Робот қолының шынтақ буындық қозғалысының  күштік желісін дайындадым, сонымен қатар,  менторыма манта-робот жинауда және тестілеуде көмектестім (манта – скат түрі), 3D-принтерде басып шығарумен және бөлшектерін қиюмен айналыстым. Сондай-ақ, эксперименттік деректер жинадым (менің  роботым 9 м/мин. жылдамдықта жүзді). Мен үшін, әлемнің ең үздік зертханаларының бірінде,  нағыз жұмыс, шынайы ғылыми зерттеулер атмосферасын сезіну маңыздырақ болды.

Мен үшін бұл шетелдегі алғашқы тәжірибе болды. Алғаш рет мүлдем таныс емес елге жалғыз аттандым. Мәдени «шок» болды. Алғашында жаңа таныстар табу қиынға түсті, алайда уақыт өте зертхана жұмысшыларымен және басқада тағылымгерлермен  достасып кеттім. Айтпақшы, мен көше биімен айналысамын, тіпті қаладағы бірнеше би мастер-класстарына бардым, баттлдарға қатыстым. Би  көптеген қызықты адамдармен танысуыма, күнделікті күйбең тіршілігіме қанық бояулармен өренктеуге көмектесті.

Неге қол жеткіздіңіз?
Тағылымдама кезінде бөлшектерді лазерлік станокпен кесуді, сондай-ақ Upbox! және Lulzbot 3D-принтерлерімен жұмыс жасауды, үш өлшемді баспаның негізгі дағдаларын үйрендім. SolidWorks үш өлшемді дизайнының бағдарламасында жұмыс жасауды үйрендім. Механикалық дазайндегі білімімді тереңдеттім. Тағылымдаманың соңына қарай, экзоқаңқаның төрт бірдей прототипін дайындадым, алайда робот қолының икемділігін барынша арттыру үшін жұмыс әліде жалғасуда.

Бүгінде алған біліміңізді қалай қорлданып жатырсыз және ары қарайғы жоспарларыңыз қандай?
Қазір мен үшінші курста білім алып жатырмын, және де тағылымдама барысында механикалық дизайн бойынша алған тәжірибем, факультетімізде міндетті болып табылатын робототехникада таптырмас көмек болып жатыр. Тағылымдама маған роботтандырылған жұмсақ желілерді әзірлеуде үлкен тәжірибе берді.   Soft Robotics саласы Қазақстанда дамымаған, және менің алған білімім  оның біздің елімізде дамуына үлкен мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда, 3D-принтерде экзоқаңқаларды даярлау жобамды бастадым. Сонымен қатар, ары қарай білімімді тереңдету үшін және өзіме ұнайтын іспен айналысу үшін, Harvard BioDesign Lab сияқты әлемнің басқада зертханаларының біріне магистратураға немесе докторантураға түссем деген ойым бар.

4.03.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 82