Бауыржан Орынбасар
24-жасар алматылық Бауыржан Орынбасар — бізбен және ZeroToOneLabs-мен бірге өткізілген nFactorial Challenge конкурсын жеңіп, АҚШ-қа барған үш дарынның бірі. Дизайнер, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің түлегі Америкада Кремний алқабындағы қосымшалар әзірлеушілеріне арналған ең үздік инкубаторлардың бірі, Make School жазғы академиясында білім алды.
Америкада оқуға дейін екі апта және одан кейін тағы екі апта бойы Бауыржан Астанада өткізді, мұнда Арман Сүлейменов (ZeroToOneLabs) бүкіл Қазақстаннан 100 әзірлеуші үшін жазғы мектеп ұйымдастырды.
Сіз биылғы жазды қалай өткіздіңіз?
Бұл iOS операциялық жүйелерге арналған қосымшаларды әзірлеуге үйренудің таңғалдырарлық жазы болды. Алғашқы апталар ZeroToOneLabs нұсқаушылары бізге ғылымды игеруге жәрдемдесті. Сосын біз технологиялық әлем орталығы – Сан-Францискоға жол тарттық. Ғаламшардың түпкір-түпкірінен келген адамдар мұнда өз идеяларын іске асыру және мобильдік қосымшаларды жасау үшін жиналды. Бірінші апталарда iOS арналған негізгі әзірлеу қағидаларын зерттеп, біз қарапайым қосымшаларды құрастырдық. Ал жобаның соңында жалпақ жұртқа олардың тұсаукесерін өткіздік.
Екі мектептің айырмашылығы неде?
Өз негізінде олар барабар: iOS Development Summer Academy және nFactorial Incubator.
Тәсілдеме, қатысушылардың құрамы және оқыту мерзімдері ғана ерекшеленеді. Make School мектебінің Сан-Францискодағы өзінің базасы бар, мұнда одан бірнеше жүз метрде Twitter, Uber, Ueno, және басқа да компаниялардың кеңселері орналасқан. Бұл толқытып, ынталандыратын жайт.
Биылғы жазда қандай дағдыларды игердіңіз?
Жаз бойы мен iOS әзірлеуде, дизайнде, маркетингте «шыңдалдым». Дәрістердің барлығы өте пайдалы болды. Өзімнің Samantha жобаммен жұмыс істедім. Мен адамға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін қосымшаны ойлап таптым. Оның негізінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректер мен ұсынымдары, адамның тамақтануы, оның физикалық белсенділігі, ұйықтау режимі, ағза ішіндегі судың мөлшері және басқа да параметрлері. Бета версияны шығара алдым, бірақ қазірде сынақтан өткізіп, жаңа функциялар және iOS 11 қолдауы бар үлкен релиз дайындап жатырмын.
Бұл оқыту Сізге бүгінде қалайша көмектеседі және сіздің ойыңызша, тағы қайда апарады?
Менің таяудағы мақсатым – Sаmantha релизі, сосын қосымшаны ілгері жылжыту. Жоспарымда тәжірибелі әзірлеушісі бар жұмыс табу, себебі жылдам өсу үшін тәжірибе және жақсы тәлімгер қажет. Бұдан кейін тағылымдамадан өту үшін ірі ІТ компанияғсына бару жайында ойлауға болады.
8.11.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 748