Бану Сейтжапарова

Мамандығы: фарм. өндіріс технологиясы. Тағылымдама: Uniwersytet Medyczny w Lublinie, Польша.

Шахмардан Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдама бағдарламасының жеңімпаздары әдетте тағылымдама өту үшін Америка және Батыс Еуропа елдарын таңдайды. Ал Бану кенеттен Польшаға барам деп шешкен  болатын. Болашағынан үміт күттіретін Ақтөбелік жас формацевт, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті неліктен мұндай таңдау жасады және ол елде қандай жетістікке қол жеткізді?

Бану өзін қызықтыратын тақырыпта (аминқышқылдар дәрілік заттардағы белсенді қосымша ретінде) профессормен жұмыс істеуге болатын тағылымдаманы іздеген болатын. «Тәжірибе» іздеу кезеңінде оның университетіне Люблин университетінің фармация және медициналық сараптама факультетінің деканы Анна Малм келген. Бану онымен кездесіп, талқылаулар жасап және… осы университеттен тағылымдама өтуге шақырту алған.

Бану, фармацевт мамандығын таңдау туралы шешім соңғы сыныпта қабылдадыңыз ба, әлде оған дейін ойыңызда болған ба еді?
8 сыныпта біз химия пәнін оқи бастаған кезден бұл пән мені қатты қызықтыра бастады. Мен ғылыми жобалар жазып, олимпиадаларға қатыса бастадым. Ал бірде мен өз тәжірибемде дәрілік заттың көмегін сезіндім: бір кішкене таблетка қатты ауруды тоқтата алды. Сол кезде мен өзімнің болашағым фармацевт мамандығымен байланысты болады деп шешім қабылдадым.

Поляк зертханасында немен айналыстыңыз?
Аминоқышқылдарды алу технологиясын жақсартуды қарастырып, зерттедім. Бұл тақырып қайдан пайда болды десеңіз? Аминоқышқылдар өмірге аса қажетті заттардың организмге жүйелік түрде түсіп отыруына кепілдік береді. Олардың әртүрлі ауруға ем екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.  Зерттеу үшін мен Іле Алатауынан екі түрлі шөптерді жиып алдым. Олар аз зерттелгендіктен осы кемшілікті түзете аламын деп ойладым. Мен бұл шөптерден 20 өзгермейтін аминоқышқылдардың 6-ын таптым. Университетте мен өндірістің механикалық жағын көре алдым. Және де дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін асқазанда болатын биологиялық өзгерістерді байқадым. Зертханада аминоқышқылдарды қалай алу керектігін көрдім. Қазір мен аминоқышқылдардың организмге әкелетін өзгерістері нәтижесінде олардың дәрілік бөлігін анықтау үшін зерттеулер жүргізудемін: витамин ретінде немесе бастапқы дәрілік затқа қосымша ретінде.

Аминоқышқылдарды өндіру технологиясы жақсарды ма?
Қазіргі таңда біз дайындау кезеңіндеміз. Сондықтан нақты жауап бере алмаймын. Мысалы, зертханада біз экстракцияның бірнеше жүйесін қолдандық. Олардың арасындағы ең жылдамы және тиімдісі газдық хроматография екендігі анықталды. Ол Shimadzu 17A аппаратында көрсетілген болатын. Таң қалдырған жаңалықтардың қатарында менің экстракторымның ісікке қарсы белсенділігі болды. Біздің Люблин университеті профессорларымен бірге жасаған жұмысыздың қорытындысын ғылыми мақалада көрсеткіміз келеді.

Польшада болған қандай қызықты сәттер есіңізде қалды?
Көптеген жақсы адамдарды кездестірдім. Олардың арасында біздің студенттер де бар. Әртүрі департаменттерде тәжірибеден өткендіктен әр аптада жаңа профессорлармен танысатынмын. Поляктар араласуға өте жақын және толерантты. Ел маған қатты ұнады: мен Варшаваны, Люблинді, Краковты және Вроцлавты көрдім. Ал тағылымдаманың соңында Германияда, Италияда, Чехияда және Нидерландыда болдым. Маған ерекше ұнаған қала Амстердам.

Әрі қарай немен айналысасыз, Бану?
Тағылымдама менің фармацевтикаға деген қызығушылығымды арттырып, әрі қарай даму жолын көрсетті. Мен 3 курсты аяқтап, бір жылдан соң, магистратураға түспекпін. Қазіргі таңда халықаралық «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясында іс-тәжірибеден өтудемін. Көбірек іс тындыратын адам болғым келеді. Өз фармацевтикалық жобамды тез арада дамытып, іске асыра алатыныма сенемін.

13.05.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 141