Азат Сүлейменов

Мамандануы: химиялық инженерия. Тағылымдама: California Institute of Technology, АҚШ.

Бүгінде Азат Бостон университетінің докторантура бағдарламасында механикалық инженерия бағытында оқып жатыр.  Ал сонау 2014 жылы ол Назарбаев университетінің жаңа бір буын түлегі болғанды. Академик Ш. Есенов қорының грантын ұтып алып, болашақ инженер дүркілдеген аты бар California Institute of Technology оқу орнында профессор Джефри Снайдердің зертханасында тәжірибе жинайды.

1. Дәл осын мамандықты қалайша, неліктен таңдадыңыз?
Нақты ғылымдарға әрқашан да қызыға қараған едім. Инженер маман өз білімін қандай-да бір жаңа затты ойлап шығара алады ғой, мамандық үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Білім алуды жалғастыра мен күннен-күнге білімімді кеңейтіп жатырмын, ал бұл келешекте жұмысымды жеңілдететіп, барынша пайдалы ететіні сөзсіз.  Инженер болу шынымен де ұнайды, білімімді қолдану арқылы адамзатқа пайдасы тиетін жаңалық жасауға тырысасың.

2. Тағылымдама қалай өтті, қызықты өтті ме?
Америкаға алғаш рет барған кезім болатын.  Шри-Ланка, Германия, Мексика, басқа да елдердің өкілдерімен танысып үлгердім. Университетте қонақтық дәрістер беруге бірталай Нобель сыйлығының лауреаттары келіп тұратын, соларға қатыстым. Маған тәрізді Калтехтегі тағылымдамадан өтуге келген құрдастарыммен араластым. Содан соң бос уақытымда АҚШ-тың жан-жақтағы танымал қалалары, Нью-Йорк, Сан-Диего, Вашингтонға бір барып келдім. Меніңше осы сапарлар ең қызығы болды-ау

3. Сіз қандай тәжірибе алдыңыз, доктарантурадан кейінгі жоспарларыңыз қандай?
Осы американдық жоғары оқу орнына түсуіме жазғы тағылымдаманың шешуші рөлін ойнағанына күмәнім жоқ. Калтехте жинақтаған тәжірибем қабылдау комиссиялары өткізген сұхбаттарда һте орынды болды. Мінеки, қазір АҚШ-та Ph.D бағдарламасында оқудамын. Жақын арада Ph.D-ге арналған біліктілік емтиханынан өттім.  Сондықтан-да айтарым, талаптанудан ерінбеңіз де, тәжірибені жинақтай беріңіз.  Қандай-да жаңа затты істеп көрмейінше, өмір бойы онымен айналысуға құштар болуды қалай-ақ біле аласыз? Болашақта таңдаған өнеркәсібімде жұмыс істеуді көздеп отырмын – машина жасай немесе компьютер ғылымдарында нағыз инженер боламын.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 98