Карина Лезгиева

Мамандығы: биология. Тағылымдама: Гарвард медицина мектебi, АҚШ.

Академик Ш.Есенов атын. қордың ғылыми тағылымдамалар байқауына өтінім тапсырған кездің өзінде, бәлкім Каринаның ойында алдағы өмірі жайлы нақты жоспарлары болды. Өскемендік студент аталмыш байқаудың жеңімпазы атанып, әлемдегі ең үздік медициналық мектептердің бірінде тағылымдамадан өтті. Тіпті бұл да таңқалдырмайды, ал Гарвард мектебінде нейробиология бойынша доктарантура, міне нағыз таңдай қақтыратын жайт.  Бұл жәй кездейсоқтық емес.

Каринаның тіпті зертханадағы жұмыстары кезінде подкасттарды тыңдауыда таң қалдырмайды. Оның бос уақыты да аз, алай да бос уақыты  болып жатса ол таза ауада қыдырғанды және кітап оқығанды ұнатады. Әрине, сериалдар көруді де жібермейді. Ал үйіне, Шығыс Қазақстанға, оралғанда әрқашан қала сыртына баруға тырысады:  «бізде шыныменде өте әдемі табиғат», — деп түсіндіреді өзі.

Карина, биологияға деген қызығушылық сізде қайдан пайда болды және неліктен докторантураны нейробиологияға арнадыңыз?
Қаншалықты қарапайым болып көрінседе айтайын, қызығушлық бала кезімнен болды. Мені бәрі қызықтыратын, сондықтан да көп сұрақ қоятынмын. Айналамызда қызығарлық нәрсе көп, алайда мен үшін тіршілік бәріненде қызықты. Және де биология әр түрлі организмдердің тіршілігін түсінуге тырасады. Меніңше, ми мен жүйке жүйесі — тіршіліктің ең таңғажайып көріністері, сондықтан да оларды зерттегім келеді.

Қордың грантық байқауларына өтінім тапсыруға батылдықтары жетпей жүргендерге не айтар едіңіз?
Бәріненде психологиялық тұрғыда қиын болды. Өткен байқауларда жеңімпаздар қатарында қандай ақылды әрі ынталы студенттердің болғанын білген едім, сондықтан да өз кандидатурамды ұсыну қорқынышты болды. Ал қазір күмән мен қорқыныштың маған кедерді болмағанына қуаныштымын. Байқау біз үшін тек грант жеңіп алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тамаша жаттығу болды. Әсіресе эссе жазу  және бизнес-ойында өзіңді көрсете білу дағдылары.

Тағылымдама қалай өтті?
Профессор Дэвид Гинтидің зертханасы қатты ұнады және де мен ғылыми зертханаларда зерттеулердің қалай өту керектігін өз көзіммен көрдім. Біз нейробиологияның дамуын зерттедік. Мақсат жұлынның дамуын зерттеу болды. Жұмыс өте креативті жүрді.  Нәтижеге қол жеткізу үшін, біз “вирустық векторларды” құрастырып, жасап шығардық. Олардың көмегімен жасушалар өндіретін ақуыздарды өзгертуге болады. Тіпті менің қолымнан солардың бірін құрастыру және көбейту келді. Жоба үшін вирустардың көп бөлігін әзірледім. Одан әрі біз оларды тышқандарға енгізіп, олардың жұлындарын зерттедік.  Зетттеу нәтижесінде біз жұлынның дамуына қажетті ақуызды таптық.

Антивирус немесе дәрі-дәрмек ойлап таптыңыздар ма?
Мұндай зерттеулер тез жасалмайды және де барлық сұрақтарға бірден жауап табылмайды. Біздің жұмысымыз қолданбалы медицинада нәтиже алуға бағытталмады. Алайда түрлі процестерді түсіну тәжірибеде қолданыс табады.  Мысалы, адамның ана құрсағында дамуы кезінде көптеген процестер ойдағыдай болмауы мүмкін. Міне, біздің жұмыстар осындай нақты нені «емдеу» керектігін түсінуге көмектеседі. Екіншіден, алдағы уақытта зерттейтін саламда тәжірибе жинау мен үшін маңызды нәтиже  деп санаймын.

Американың ғылымнан бөлек әлемін аша алдыңыз ба?
Гарвард тамаш қала – Бостонда орналасқан, жаз кезінге бұл қалаға есім кете ғашық болдым. Үш айлық тағылымдама кезінде менде тек 3 демалыс күн болды, алайда осы қысқа уақыт ішінде барлық басты көрікті жерлерін, ең әдемі көшелерін аралап үлгедім. Осындай демалыс күндердің бірінде, мен Есенов қоры бағдарламасының тағы бір жеңімпазымен Нью-Йоркте кездестім. Бұл – көптеген әсерге, қуанышты сезімдерге толы ұмытылмас екі күн болды.

Карина Гарвардқа қайтып оралды және де осы күзде PhD бағдарламасы бойынша алты жылдық оқуын бастайды. Бұл жерде ол, қалағанындай, нейробиологияны зерттеумен айналысатын болады.

6.08.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 63