Арсен Шевердин
Мамандығы: физика. Тағылымдама: Корнелл университеті, АҚШ.
20 жастағы Арсен физикамен әуестенеді, бірақ жай ғана абстрактылы ғылым сияқты емес. Оны әсіресе физиканың және қолданбалы математика мен компьютерлік ғылымдардың тоғысуы қызықтырады. Мектепте Арсен әртүрлі, оның ішінде республикалық олимпиадаларға қатысып, талай рет жеңіске жетті. Ал былтырғы жылы ол тәуекелге бел буды: Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамаларының маңызды конкурсына қатысты. Оны да жеңіп алды. Бұл жеңіс оған Шырмауық лигасы университетіне жол ашты. Ол мұнда немен айналысты және енді қайда бағыт алды екен?
Сіз физикадан басқа, тағы немен әуестенесіз?
Электрогитарада ойнауды үйреніп жүрмін, сурет салуды ұнатамын. Спорт түрінен мен бәрінен де жүгіруді ұнатамын. Мен үшін таңсәріден құлаққап арқылы жақсы музыканы тыңдап, таза ауада жүгіру – әрбір күннің керемет басталуы. Өзімді меломан деп атай алмаймын, бірақ-та классикалық музыкадан бастап, заманауи поп-музыкаға дейін тыңдауды ұнатамын. Маған Bastille, Rammstein, Вивальди мен Моцарттың музыкасы ұнайды. Менің сүйікті кітаптарымның арасында Ницшенің «По ту сторону добра и зла» және танымал физиктің өзімен бірлесіп Ральф Лейтонмен жазылған «Вы, конечно, шутите, мистер Фейнман!» кітаптары.
Сізге грантқа арналған конкурстың жеңімпазы болуға не нәрсе көмектесті?
Егер шынымды айтсам, сенімді түрде жауап бере алмаймын. Тек қана болжай аламын. Менің ойымша, іріктеу сәтінде менде зерттеулердің тәжірибесі болғандықтан және ағылшын тілін жақсы білгендігімнен жеңіп алдым.
Тағылымдама қалай өтті, немен айналыстыңыз және нені зерттедіңіз?
Мен тағылымдаманы профессор Франческо Монтиконе тобында өттім. Маған басқа студенттердің жылы шыраймен қарау өте таң-қалдырды: олардың берген кеңестері зерттеулер бойынша ғана емес. Профессор маған сенім артып, біздің алғашқы кездесуімізде мені ұсынған көптеген идеяларды мақұлдады. Менің жобамның негізгі міндеті – нанобөлшектермен жарықтың қалаулы шашырауына қол жеткізу үшін машиналық оқыту модельдерін пайдалану (нейрондық желілерді қоса алғанда). Әдіс өлшемдерді есептеуге және бөлшектер олар кезінде мүлдем көрінбей қалатын материалдарды зерттеуге көмектеседі. Бұл не үшін қажет? Келешекте олардың негізінде өзгеше қасиеттерге ие материалдарды құрастыруға болады (метаматериалдар). Ал, ғылымнан басқа, мен Нью-Йорк қаласында «Iron Maiden» рок легендаларының концертіне барып үлгердім, қаланы Empire State Building ең жоғары нүктесінен тамашаладым. Бірнеше әдемі табиғи саябақтарда серуендеуге мүмкіндігім болды. Ал тағылымдама соңында мен барлық ғылыми топқа жұмыс нәтижелері туралы презентация өткіздім,біз осы жоба шеңберіндегі қызықты идеялар мен алдағы жоспарларды талқыладық.
Зерттеулеріңіздің нәтижелері қандай?
Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бар мақала әлі жарияланбаған, бұл жақын арада болады деп үміттенемін. Профессорлар мен студенттермен сұхбаттасу өте пайдалы болды. Олар маған Корнелл университеті сияқты таңдаулы оқу орнындағы тіршілік пен білім берудің қалай ұйымдастырылғаны жайлы айтып берді. Докторантураның студенттері жүргізетін зерттеулермен танысу өте қызықты өтті, олардың қалай жұмыс істейтінін, қалайша тұратынын білген соң, менің уәжділігім жоғарылады.
Арсен, алдағы бір-екі жылда қандай жоспарларыңыз бар?
Қазіргі таңда университеттерден докторантураға түсу бойынша өтініштерімнің нәтижелерін күтемін, сонымен қатар зерттеулермен де айналысамын. Әзірше болашағымның қандай болатынын айтып болжау қиын, бір жағынан бұл да жақсы. Жақын болашақта оқуға түскім келеді, содан кейін зерттеуші және профессор болғым келеді.
31.03.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 208