Арайлым Қамзабек
Мамандығы: жалпы медицина. Тағылымдама: Мейо клиникасы, АҚШ.
Арайлым Алматының тумасы, жасы 23-те. Жас қыз бос уақытында велосипед тепкенді, “Марвел” фильмдерін көргенді, жаңбырлы күндері серуендегенді жақсы көреді. Сондай-ақ, біздің отандасымыз өзі барған әлемнің кітапханаларында түсірілген ерекше фотосуреттер жиынтығына ие. Қазір Арайлым Астана медицина университетінің 6 курс интерні. 2020 жылы ол Shakhmardan Yessenov Foundation грантын жеңіп алып, АҚШ-тың №1 госпиталінде тағылымдамадан өтті. Университет аяқталғаннан кейін ол резидентураға оқуға түсуді жоспарлап отыр – медицина саласында білім алу ұзақ процесс. Бүгінгі сұхбатта адамдарға көмектесетін болашақ дәрігердің тарихын баяндаймыз.
Дәрігер болу шешіміне қалай келдіңіз?
Медицинаны мектептің 10-сыныбында таңдадым. Онда мені ғылым (теория) мен клиникалық тәжірибенің тепе-теңдігі қызықтырды. Ал бұл әр мамандық ішіндегі қызметті таңдау үшін үлкен мүмкіндіктер. Интервенциялық кардиолог болғым келеді.
Байқау туралы қалай білдіңіз және ол сіз үшін қалай өтті?
Кездейсоқ білдім: университетімнің веб-сайтының жаңалықтар лентасынан. Өтінім беріп, бағымды сынап көруді шештім. Сайыстың әр кезеңі өте тартысты өтті. Финалдағы командалық тапсырмалар есімде, сол жерде қалған қатысушылармен кездестім. Неліктен дәл мен жеңіске жеттім, мұны нақты айта алмаймын, алайда болжай аламын. Себебі, шынайы болдым, және де алдымда нақты мақсат – жеңіске жету болды.
Тағылымдаманың өзі туралы айтып берсеңіз?
Оның үлкен артықшылығы – Майо клиникасы өз қызметінде зерттеу, тәжірибе және оқытуды біріктіреді. Тағылымдама кезінде екі жобаға қатыстым. Олардың бірі тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттерді басқару кезінде дәрігерлердің шешім қабылдауы үшін электрондық жүйелерді енгізумен байланысты. Бұл «жаман холестерин» деп аталатын жоғары деңгеймен сипатталатын генетикалық ауру. Ем қабылдамаған жағдайда пациент ауруды жиі миокард инфарктісінен өлімге дейін дамытады.
Менің зертханам тәуекелді есептейтін және дәрігерлерді пациенттер туралы хабардар ететін пациенттердің электронды жазбаларында хабарландыру жүйесін әзірледі. Жүйе сізге зерттеулер мен емдеу опцияларын таңдауды ұсынады. Екінші жоба генетикалық тәуекелді бағалауға қатысты болды. Бұл жерде өтініштер тарихына, пациенттің отбасылық тарихына және диагнозына негізделген белгілі бір аурумен ауыру қаупін көрсететін алгоритм туралы айтып отырмыз. Менің зертханам жүректің ишемиялық ауруы үшін қауіпті есептеу формуласын жасады.
Тағылымдамада қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Мүлдем басқа денсаулық сақтау жүйесімен таныстым және клиникалық зерттеулер жүргізуді үйрендім. Біздің жұмысымыз ишемияны ерте анықтау және алдын-алу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол жерде USMLE Step 1-дің ең қиын медициналық емтихандарының бірін тапсырдым және жақсы балл жинадым, бұл маған алдағы уақытта нағыз маман болуға көмектеседі.
Америкада өзіңіз үшін қандай жаңалық аштыңыз?
Барлығы жаңаша болды. Қазақстанда біз әлі де соншама алыста жүрген зерттеулердің өзі. Ұжымдағы демократиялық мәдениет: команданың әр мүшесінің пікірі, лауазымы, жетістіктеріне қарамастан құрметтелді. Пциенттерге деген көзқарас та ұнады. Науқастың мүддесі бірінші орында — бұл Майо клиникасының ұраны болып табылады. Осының бәрін мен өзіммен бірге Қазақстанға алып келдім. Америкаға сапардың уақыты көптеген мерекелерге сәйкес келді: Хэллоуин, Алғыс айту күні, Рождество және Жаңа жыл. Достарым мен клиникадағы әріптестерім мені осы мерекеде кешкі асқа шақырды және бұл ерекше әсер болды. Барлығы отбасыларымен жылы және жайлы жағдайда жиналып, ескі фильмдерді тамашалайды, сыйлықтар береді. Өзімді олардың мәдениетінің ғана емес, тіпті отбасының бір бөлігі ретінде сезіндім.
Кейбір лайфхактармен бөлісе аласыз ба?
Олардың саны өте көп десемде болады, өйткені бұл процесті екі орында өткіздім: Рочестердегі Майо клиникасы және Сан-Францискодағы Калифорния университеті. Маған екі шақырту жіберілді, қордың гранты мен өзімнің жинаған қаражатымды қолданып, екеуінде қабылдадым. Осылайша менің тағылымдамам 7 айға созылды. Қарапайым болып көрінсе де айтайын, ең маңызды лайфхак — бұл өзіңізге және өз күшіңізге сену. Тағылымдама табу — бұл қиын процесс, алайда дұрыс көзқараспен және жақсы жоспармен, тіпті пандемия жағдайында да бәрі мүмкін.
15.06.22, Жетістік тарихы
Көру саны: 155