Анна Серая

Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар. Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегері.

Аня 23 жаста, ол Өскеменнен келген көлік саласының болашақ маманы. Аня Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Инженерия мектебінің магистратурасында білім алуда. 2019 жылы Аня бүкіл елімізден 300-ден астам қатысушысы бар байқауда жеңіске жетіп, жыл сайын Shakhmardan Yessenov Foundation табыстайтын академик Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегері атанды.

Анна Польша мен Германияның оқу орындарында халықаралық бағдарламалар желісі бойынша «Шкода», «Лада» және «Киа» көліктері құрастырылатын «Азия Авто» АҚ зауытында тағылымдамадан өтті. IELTS бойынша нық жетілік алған, тағы үш тілді жақсы меңгерген Аня басқа да шәкіртақыларға бірнеше рет ие болған. Күш-жігерге толы қыздың, әлбетте, әлі талай шыңдарды алатыны анық.

Сіз магистратураны бітіргеннен кейін, әрі қарай қандай жоспарыңыз бар?
Бірден айту қиын. Бірақ бір білерім – докторантураға түсуді жоспарламаймын. Менің ойымша, өмір бойы білім алып жүрген сияқтымын (күледі). Сондықтан қазіргі таңда біздің қаламызда қорытынды құрылыс кезеңінде тұрған жаңа автомобиль жасау зауытына жұмысқа орналасуды жоспарлаймын. Сол жерде өз білімдеріме қолданыс табамын деген ойдамын.

Сіз неліктен инженерияны таңдадыңыз?
Ең қызықтысы, бұл алғашқыда әкемнің идеясы болған еді – және осы үшін оған алғысымды айтамын. Сондықтан, әйгілі пікірге қарамастан, кәсіпті таңдаған кезде туысқандарыңызға құлақ асып, оларды тыңдауға болатынына көз жеткіздім: олар күшті және осал қырларыңызды кей кезде сіздерден де жақсы біледі. Ал жалпы алғанда, маған техникамен және бағдарламалармен жұмыс істеу ұнайды – не нәрсені күту керектігін біліп, қателіктеріңнің әрдайым алақандағыдай болғанын, сол себепті оларды түзету бойынша жұмысты бірден орындай алатын жағдайды ұнатамын.

Сіз академик Есеновтың шәкіртақысын неліктен ұттыңыз деп ойлайсыз?
Қиындықтар көп болды. Өйткені іріктеуден өтуге арналған ешбір түсінікті алгоритм болған жоқ. Басқаша айтқанда, сен өтесің бе немесе өтпейсің бе, мұны алдын ала білуге мүмкін болмады, себебі бұл тест немесе есеп емес қой. Маған жеңуге не нәрсенің көмектескенін дәл айта алмаймын, бірақ нақты білетінім, бүкіл іріктеу процесі бойы сабырлық сақтап, алаңдамауға жол бермедім және кәдімгі күйде болдым. Маған дәл осы көмектесті деп ойлаймын.

Сіздің қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Кітап оқу, музыка және, сірә, тілдерді үйрену. Соңғысы жуырда ғана хоббиге айналды. Ағылшын тілінен кейін мені басқа тілдер де қызықтыра бастады. Жазда мен алғашқы рет TestDaf тапсырамын (бұл неміс тілін білуге халықаралық тест), қазіргі таңда мен испан тілін үйренуге кірістім. Бұл өте қызықты. Музыкалық мектепте скрипка класы бойынша білім алдым, бірақ неліктен екенін білмеймін, фортепианода ойнауды көбірек ұнатамын. Әлі күнге дейін мен аптасына бірнеше сағат қана ойнай аламын, бұдан артық мүмкіндік болмайды. Туыстарым үшін ойнаймын, бірақ сирек – олар менің өте қатал сыншыларым (күледі).

30.12.19, Жетістік тарихы, Жаңалықтар

Көру саны: 67