Алишер Дуспаев

Талдықорғандағы Nazarbayev University ғылым және технология мектебінің студенті, болашақ физик, Иллинойстағы Энрико Ферми атындағы Ұлттық жеделдету зертханасында (Fermilab) ғылыми машықтанудан өтті. Алишер 2016-шы жылы жазда профессор Игорь Рахноның жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

1. Қалай және неліктен физиканы таңдадыңыз?
Басында физика мен үшін жай мектеп пәні болатын, география және биологияға көбірек қызығатынмын. Бірақ, 9 сыныпта менің мектебімдегі дарынды балалармен жұмыс істейтін менеджер күтпеген жерден маған физикада олимпиадаға дайындалуға ұсыныс жасады. Алғашында мен ерекше табысқа жеткен жоқпын, бірақ физикаға деген қызығушылығым тура сол кезде оянды. Шынымен жақсы нәтижелер 11-сыныпта келді: халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы  қола медаль, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада күміс медаль. Солармен бірге мен нақты физикамен айналысып, ғалым болғым келетіндігін нақты білдім. Физикада не қызықтырады? Табиғаттың болмысын зерделейтін және оның механизмдері математикалық теңдеулермен сипаттауға келмейтін, сипаттап қана қоймай өзің экспериментті түрде қайталауың мүмкін емес сияқты көрінетін ғылым қалай ғана қызықтырмауы мүмкін?

2. Грантқа түсу конкурсында не ең қызықты болды?
Екінші тур Ш. Есенов атындағы қор грантының ең қызықты бөлігі болды, онда бір мезгілде өзіңнің жеке қасиеттеріңмен командада жұмыс істей алатындығыңды көрсетуің керек болатын. Мұндай міндет бекер қойылған жоқ, тырысуға тура келді, бәсекелестік салмақты болды. Барлығын толық айтпай-ақ қояйын, бірақ екінші турдың әр кезеңі қызықты болды және ойланып әрекет етуді талап етті. Турдың бүкіл барысы басқа балалардың көзқарастарын білуге және өзімнің әрекеттерімді ойластырып алуға мүмкіндік берді.

3. Машықтану неден тұрды?
Көз алдыңызға атомдық ядроға қарсы бағыт бойынша кеңістікте ұшып жүрген қуатталған кішкентай бөлшекті елестетіңіз. Бөлшек ядроға жақын болған сайын, олардың арасындағы өзара іс-қимыл соғұрлым айқын болады. Бүкіл үдеріс осындай кванттық механика мен ядролық физиканың көптеген заңдарымен сипатталады, сол себепті, осы міндетті сипаттау және шешу үшін адамдардың  компьютердің көмегіне жүгінуіне тура келеді.   Осы үдерістің симуляциясын әзірлеу менің Ферми зертханасындағы машықтануымның мақсаты болды. Осындай түкке тұрғысыз болып көрінген  физикалық үдерістің ядролық және атомдық физика саласындағы заманауи зерттеулерде үлкен мәні бар.

4. Машықтану қорытындылары жеке Сіз үшін.
Болашақ физик ретінде маған күрделі физикалық үдерістердің симуляциясы мен есептеу әдістерінің көп мөлшерін,  ықтимал қателер туралы және қалай олардың  алдын алуға және түзетуге болатыны туралы  білген өте маңызды. Бұдан басқа ірі ғылыми зертханалардағы жұмыс тәжірибесі және цех бойынша болашақ әріптестермен араласу және өзара әрекет ету машықтарының болуы маңызды. Жазғы машықтану соның барлығын және одан да көп алуға мүмкіндік берді. Қазір мен профессор Рахномен жұмыс істеуді жалғастырудамын. Біздің жұмысымыздың қорытындылары жарияланатын болады. Америкада өткен машықтануым биылғы жылдың өзінде пайдасын тигізеді – мен шетел университеттеріне аспирантураға оқуға түсемін. Және Fermilab сияқты белгілі зертханадағы ғылыми тәжірибенің болуы маған басқа ізденушілердің алдында басымдылыққа мүмкіндік береді.

28.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 62