Альбина Джетыбаева
Академик Ш.Есенов ат. ғылыми-білім беру қорының грант алушылары Текелінің тумасы жиі бола бермейді. Альбина Джетыбаева Астанада Nazarbayev University химиялық инженерияны зерттейді. Биылғы жазда студент қыздың саяхаттар географиясы жаңа мекенжаймен толықтырылды – шағын қала Милтон-Кинс – мұнда қордың конкурсында Альбина жеңіп алған тағылымдама өтетін The Open University орналасқан.
Қордың конкурсын жеңіп алу оңай болды ма? Сіз үшін ең қиыны неде болды?
Бұл беделді байқауда жеңіске жету оңай болған жоқ. Бірнеше кезең, нәтижелерді алаңдап күту және байқаудың рухы – осының барлығы артта қалды. Бір орын үшін 12 қатысушы күресті! Бірақ әуелі…Мен, көптеген таныстарым сияқты, қордың басқа бағдарламасының конкурсына екі рет қатыстым – Әлемнiң зертханаларындағы ғылыми машықтану. Өкінішке орай (шын мәнінде – бақытына орай) мен екі рет те жеңімпаз бола алмадым. Бірақ мен күдерімді үзбей, Ұлы Британия зертханаларындағы ғылыми машықтану бағдарламасына өтінім берем деп шештім. Қайтадан алаңдап күту, және…жеңіс – мен Біріккен Корольдіктің үздік университеттерінің біріне баратын бес қазақстандықтың қатарына кірдім. Бұл менің туған күнімде болғаны мен үшін күтпеген қуаныш еді. Мен бір мезгілде қуанып та, таң қалып та, бақытты болдым.
Сіз тағылымдама кезінде немен айналыстыңыз?
Мен доктор Элен Хили басқаратын Smart Material Group зертханасында тағылымдамадан өттім. Зертхана инновациялық материалдарды зерттеуге, оларды өндіру тәсілдеріне, қасиеттеріне және қолдануға мамандандырылған. Мен жеңіске жеткенімді білген сәттен-ақ жұмысқа кірістім – шығуға құжаттарды, сақтандыруды рәсімдедім, профессор жіберген материалды зерттедім, және де тақырып бойынша өздігінен табылған материалды зерттедім. Милтон-Кинс қаласына келіп, Хили профессордың командасына қосылдым. Біз инновациялық полимер материалын – өзінің бірегей құрамы мен молекула құрылымының арқасында органикалық және органикалық емес қасиеттерді үйлестіретін Polyhedral Oligomeric Silsesquioxanes (POSS) компонентін әзірлеумен айналыстық. Менің міндетім POSS және оның түрлерінің қасиеттерін зерттеуде болды.
Жаңа материал ойлап табылды ма?
Зерттеудің басты мақсаты жаңа материалды табуда емес, оны зерттеу болды. Болашақта POSS заманауи полимер материалдарының сипаттамаларын жақсарта отырып,олардың компоненті болуы мүмкін. Жоба барысында мен FibreFix CCP13, Dream (Data Reduction Automatically Made), DAWN (DExplore), Origin Graphing and Analysis, Mercury 3.7, Encifer 1.5.1 сияқты компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуді үйрендім – олардың барлығы негізінде деректердің интерпретациясы үшін пайдаланылды. Біздің жұмысымыздың қорытындылары бойынша мен қараша айында Корольдік химиялық қоғамының ғылыми журналында (Royal Society of Chemistry) жарияланатын ғылыми мақаланың өз бөлігімді жаздым.
Есте қаларлық жағдайлар туралы не айтасыз?
Адамдармен жоба бойынша, сондай-ақ күнделікті өмірде тілдесу. Адамдар бұл жерде ашық жарқын, әдепті әрі жауапты. Менде бір сұрақ туындай қалса, мен кімге де болса жүгіне аламын – кез келген профессор проблеманы тез әрі жедел шешіп беруге жәрдемдеседі. Мені қабылдаған ағылшын жанұясының ілтипатты болғаны маған ұнады, оның мүшелері үнемі менің халымды сұрап, жиі кешкі асқа шақыратын. Мен жұмыстағы және «үйдегі» осындай қарым-қатынасты лайықты бағаладым. Қазақстанда да адамдар Біріккен Корольдік тұрғындары сияқты, жұмысқа және айналадағыларға да дәл осындай ықыласпен қарағаны, бұл біздің де мәдениетіміздің бір бөлігіне айналғаны жақсы болар еді. Тағылымдама кезінде үлкен тәжірибе мен жаңа білімдерді алғаннан басқа, мен өзімнің ағылшын тілімді жетілдіріп, химия саласындағы көптеген сарапшылармен байланыс орнаттым. Біздің зерттеуіміздің тақырыбы менің түсем деп жүрген, Корея, Канада немесе АҚШ шетелдік жоғары оқу орнындағы магистратурада зерттеуге ниет білдірген тақырыбыма өте жақын.
8.11.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 141