Айнұр Қымбатова
Мамандығы: Бизнес-талдаушы. Yessenov Launch Pad бағдарламасының жеңімпазы.
Айнұр Павлодар қаласының тумасы, 26 жаста. ҚБТУ бітіргеннен кейін ол бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін қазақстандық компанияда бизнес-аналитик болып жұмыс істеп жатыр. 2022 жылы қосымша білім беру гранттарын ұсынатын Yessenov Launch Pad бағдарламасының бірінші байқауында жеңіске жетті. Айнұр бұл грантта нені, қалай және не үшін оқыды?
Сізді мамандығыңызда не қызықтырады?
Маған тапсырыс берушінің «ауырсынуы» мен қажеттіліктерін түсіну, компаниялардың бизнес-процестерін автоматтандыру және оңтайландыру қуаныш әкеледі. Алдымен оның қалай көрінетінін басымда визуализациялаймын, содан соң мұның барлығы жүйеде қалай жұмыс істейтінін елестетемін. Осылайша жұмысым адамдарға пайда әкелетінін және олардың өмірін жеңілдететінін түсінемін.
Бизнес-талдаушы міндеттеріне не кіреді?
Бизнес-талдаушы жұмысы тапсырыс берушімен, сондай-ақ бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерімен қатынасу деп саналады. Бизнес-талдаушы компаниялардың бизнес-процестерін талдайды, цифрлық түрге ауыстыруды қажет және жөнге келтіруді талап ететіндерді анықтайды. Сонымен қатар ол процестерді егжей-тегжейлі түсіну және сипаттау үшін core-мамандармен сұхбат жүргізеді. Осы бизнес-талдаушы нені және қалай іске асыру керектігін сипаттайтын техникалық құжаттаманы дайындайды.
Өмір-жұмыс тепе-теңдігін сақтап жүру қолдан келіп жатыр ма?
Жұмысымды «үйге» қалдырмау үшін жұмыс уақытын барынша пайдалануға тырысамын. Өзім үшін максималды тиімді сағаттарды анықтаймын, мысалы, 11:00-ден 13:00-ге дейін және осы уақытқа ең қиын тапсырмаларды жоспарлаймын. Сонымен бірге Брайан Трейсидің «бақаны жеп қою» әдісін қолданамын: яғни ең қиын тапсырмаларды бірінші кезекте орындаймын. Осындай «бақалардан» кейін қалған тапсырмалар оңай болып көрінеді және сүйсініп орындалады.
Yessenov Launch Pad туралы қалай білдіңіз?
Бағдарлама туралы қордың әртүрлі тағылымдамалар мен гранттар туралы ақпарат жарияланатын телеграмм-арнасынан білдім. Бағдарлама мені қызықтырды. Ол бастаушыларға, сондай-ақ қызметтегі IT-мамандарға бағытталды, бұл мен үшін маңызды болды. Сол кезде мен бар кәсіби дағдылардың ауқымын кеңейткім келді.
Неліктен сізді Yessenov Launch Pad жеңімпазы етіп таңдады деп ойлайсыз?
Менің ойымша, басты себеп – шынайылық, ең алдымен сіз әрдайым және барлық жерде өзіңіз болыңыз. Сондай-ақ қандай дағдыларды игергім келетінін және олардың мен үшін неліктен маңызды екенін анық білдім. Сонымен қатар нақты әрі қол жететін мақсаттар қою маңызды. Олар кішкентай болса да, бірақ орындалатын және тиімді болсын.
Айнұр, Сіз жеңіп алған грант үшін қандай курстарды таңдадыңыз?
NFactorial School ұсынатын “Data analytics”, өйткені деректер талдауын үйренгім келді. IT саласында жұмыс істегенде үнемі жаңа нәрсені үйрену керек деп есептеймін. Жалпы, қазіргі уақытта деректер аналитикасы саласы маған өте қызықты, оны одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын. Оқыту 2 ай бойы онлайн форматта өтті. Осы кезеңде мен SQL және Power BI көмегімен деректермен жұмыс істеуді игердім.
Алдағы 2-3 жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Жоспарымда деректер аналитикасын тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеу. Python-ды меңгеріп алып, оны сол деректерді талдау саласында пайдаланғым келеді. Қашықтағы жоспарлар арасында IT саласы бойынша магистратураға түсу. Ал қазіргі жоспарым – баламның тәрбиесімен айналысу. Қазір баланы күтуге берілетін демалыстамын, сондықтан уақытымның көп бөлігі не нәрсеге арналатынын елестету оңай.
15.11.23, Жетістік тарихы
Көру саны: 231