Айдана Әбдікәрім
Мамандығы: математика. Тағылымдама: Eurecom Жоғары инженерлік мектебі, Франция.
Айдана Тараз қаласының тумасы, жасы 22-де, NU бакалавриатын бітірген, қазіргі таңда Data Science саласында жұмыс істейді және магистратураға түсуді жоспарлап отыр. 2019 жылы, пандемиядан бұрын, ол Yessenov Foundation ғылыми тағылымдама бағдарламасының байқауында жеңіске жетті, алайда тек бір жылдан кейін ғана тағылымдамадан өтуге бара алды. Шыдамдылық пен икемділіктен басқа оған жеңіске жетуге, алған гранттың іске асырылуын күтуге және тағылымдамадан сәтті өтуге не көмектесті?
Неліктен математика?
Ес білгелі, бала кезімде алғаш мектеп қабырғасына барғалы матиматика мені қызықтыратын. Алайда мен бұл білімді өмірде қалай қолдану керектігін толық түсінбедім. Әрине, қазір математика барлық нәрсенің негізі екенін түсінемін. Техникалық пәндердегі күшті база ойлауды дамытуға, талдауға, жүйелеуге, стратегиялық және сыни ойлауға көмектеседі.
Қордың байқауы туралы қалай білдіңіз?
Бакалавриат кезінде көптеген зерттеу жұмыстарымен айналыстым және достарымнан осындай мүмкіндіктің бар екенін естіп, өзімді сынап көрейін деп шештім.
Қалай ойлайсыз, неліктен дәл Сіз жеңіске жеттіңіз?
Әрине, оқудағы білімім мен тәжірибемнің негізі маған жақсы көмектесті, бірақ академиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу тек бірінші кезеңде ғана болды. Әрі қарай әрқайсысымыздың жеке қасиеттеріміз тексерілді. Шамасы, сол кезеңде өзімді қабілеттеріме сенімді және жауапты тұлға ретінде көрсете алдым. Ш.Есенов атындағы қорының болашақ байқау қатысушыларына берер кеңесім: қателесуден қорықпау және даму векторын батыл өзгерту. Бұл сізге өзіңізді түсінуге, өмірден және нақты тағылымдамадан не қалайтыныңыз туралы түсінік қалыптастыруға көмектеседі.
Тағылымдама орнын қалай таңдадыңыз?
Теориялық математика саласында жұмыс істеп, ғылыми жұмысты жариялағаннан кейін қолданбалы математикаға, дәлірек айтсақ – Data Science және Machine Learning-ге көбірек қызығатынымды түсіндім. Менде таза математика саласында тағылымдамадан өту туралы ұсыныстар болды, алайда пандемия салдарынан тағылымдама бір жылға кейінге қалдырылды. Уақыт ұтып, нені қалайтынымды түсіндім, бірнеше машиналық оқыту курстарынан өттім және бағдарламалау дағдыларымды жетілдірдім. Бірақ бұл салаларда зерттеу тәжірибем болған жоқ, сондықтан да мені қуана қабылдайтын тағылымдама зертханасын таба алатыныма сенімім аз болды. Алайда мұндай профессор табылды – Маурисио Филиппоне. Осылайша мен Францияның оңтүстігіндегі Eurecom Жоғары инженерлік мектебінің Sophia Antipolis технопаркінде орналасқан зерттеу орталығына тап болдым.
Тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Тағылымдамадан өткен үш ай бойы профессордың тобы ертерек бастаған зерттеумен айналыстым. Ғылыми тілмен айтқанда, олар жіктеу мәселесін регрессия мәселесі ретінде зерттеді. Бұл классификацияны пайдалана отырып, сіз өте дәл нәтиже ала аласыз, алайда ол әдеттегіден аз есептеу ресурстарын қажет етеді. Процесті қалай оңтайландыруға болатыны туралы әртүрлі гипотезаларды сынадым. Басқа зерттеушілердің жұмыстарын зерттеп, олардың шешімдерін жобамызда қолдандым.
Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Жобамызда әртүрлі алгоритмдерді тауып, қолдана алдым. Қалай сұрақ қою керек, қалай ақымақ болып көрінуден қорықпау керек деген сияқты «жұмсақ дағдыларымды» жетілдірдім. Бағдарламалау саласындағы деңгейім, Байес статистикасы (статистика саласындағы теория) және машиналық оқыту саласындағы білімім де өсті. Зерттеуден басқа, біз Канн маңында жұмыс істегендіктен, теңізге де бардық. Жағажайлардың пейзаждары мен жылы ауа-райынан ләззат ала алдым. Маған Францияның көкшіл жағалауындағы өмірдің қалыпты ырғағы қатты ұнады: адамдар асықпай, бірнеше сағат бойы теңіз жағасында отырып, кітап оқиды және күннің батуын бақылап, мейрамханаларда әңгіме дүкен құрады. Мұндай еркін өмір салтын үлкен қалаларда сирек кездестіріп жатамыз. Тағылымдамадан өту кезінде Францияның бірнеше ұлттық мерекелері түсіп қалғандықтан, демалыс күндері тек Каннға ғана емес, Ницца мен Монакоға да бара алдым. Еуропаның басқа қалалары – Париж бен Римді де көрдік.
Айдана, ойлағаныңыздай болмаған нәрсе болды ма?
Франциядағы бюрократия Қазақстанда еуропалық рұқсат берген вакциналардың жоқтығынан виза алуда біраз қиындықтар туғызды. Менің француз тілін білмейтінімді де ұмытпаңыз (француздар ағылшынша сөйлеуді ұнатпайды). Сонымен қатар, Қазақстанға қаңтар айындағы оқиғалар басталған кезде тағылымдамадан ұшып келдім. Маған тез шешім қабылдауға, билеттерді өзгертуге тура келді. Нәтижесінде Стамбулда бір аптаға қалдым. Есесіне қаланы білмей-ақ кез келген форс-мажорлық жағдайларға төтеп бере алатынымды білемін. Әуе рейстері қалпына келгенше және Қазақстандағы әуежайлар ашылғанша Стамбулды аралау мүмкіндігі де болды.
Алдағы жылдарға жоспарларыңыз бар ма?
Қазір мен банк мекемесінде Data Science саласында жұмыс істеймін, өзімнің техникалық дағдыларымды жетілдірудемін. Тағылымдаманың мәжбүрлі түрде кейінге қалдыруға байланысты, магистратурада оқудың басталуын бір жылға кейінге қалдырдым, ал енді статистика бойынша магистратураны Урбана-Шампейнде Иллинойс университетінде оқуды жоспарлап отырмын.
Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?
Ойымды оқудан және жұмыстан алшақтату үшін әртүрлі зейін әдістерін қолданамын, атап айтқанда йогамен және медитациянмен аналысуға уақыт бөлгенді ұнатамын. Бұл физикалық және психикалық денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ жүйелі ойлар мен әрекеттерге жетуге көп көмектеседі. Сонымен қатар, шахматты жақсы көремін.
15.09.22, Жетістік тарихы
Көру саны: 158