Адина Ержан
Мамандығы: медицина. Тағылымдама: Гарвард медицина мектебі, АҚШ.
Ол жолында кездескеннің бәріне таңғалудан жалықпайды. Ал, Адинаны өмірде бәрінен көп қызықтыратын – ол ғылым, таулар мен адамдар. NU медицина мектебінің магистранты бала кезінен дәрігер болуды армандаған жоқ еді. Оны бұл мамандыққа өмірі мен өзі «ғажап жандар» деп атайтын, мұғалімдері мен тәлімгерлері алып келді. Жеңістерінің тізіміне ол биологиядан бакалавр дәрежесін, Шахмардан Есенов атын. қор байқауын және Гарвард медицина мектебінің балалар ауруханасында өткен тағылымдамасын қосты. Тынымсыз алматылықтан тағы не күтуге болады?
Адина көптеген жылдар бойы өзінің сырқаттанған отбасы мүшелерін емдейтін мамандарды бақылап жүрді. «Сонымен қатар, мені әрқашан адам анатомиясы мен физиологиясы қызықтыратын. Ғылымды жақсы көрдім, орта мектепте математикалық олимпиадаларға жиі қатысатынмын. Ақыр соңында, Жәутіков атын. физика-математика мектебіне тап болдым», — деп Адинаның өзі айтып өтті. Алайда, бұл мектепке түсер-түспестен ол өз бойынан биология мен химияға деген қызығушылықтарды ашты. Осылайша, ол химиялық олимпиадалардың республикалық чемпионы болды.
Сіз қалай демалғанды ұнатасыз?
Тауда және табиғатта серуендеу. Бастауыш мектепте атам бізді, немерелерін, әр жаз сайын Алтай тауларына жіберетін – ол өзі сол жерде өскен. Кейіннен Қытай және Моңғолия тауларында болдым. Басында мен үшін бұл демалыс емес, керісінше «жер аудару» болып көрінді. Өркениеттен алыс жерде, табиғатта өмір сүруге бойымды үйрете алмадым. Алайда, бірнеше жылдан кейін бұны шынымен бағалай бастадым. Мұндай саяхаттар жаңа көкжиектерді ашып қана қоймай, табиғатты көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар, стрессті жояды және, әрине, төзімділікке де үйретеді. You have to learn to push your body and mind to the limits, and start demanding more from yourself – деп жатады ғой.
Сіз адамдармен сөйлескенді ұнатамын дедіңіз? Бұл қандай ғанибет?
Әр түрлі елдердегі жаңа адамдармен сөйлесуден ләззат ала аласыз. Мен үшін әрқашан олардың өмір салты, елдері, тарихы, дәстүрлері мен таулары туралы білу қызықты. Атамыз бізге энергияны алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай беруді де үйретті. Сол жылдардың өзінде мен көшпелі, алайда бақытты репетитор болдым: балаларға математика, ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыттым. Өзім бес шет тілін үйренудемін.
Shakhmardan Yessenov Foundation грантының байқауы Сіз үшін қалай өтті?
Байқау жайлы бакалавриаттың 2-курсында білдім. Сенімсіздіктен бе, әлде білімімнің жеткіліксіздігінен бе білмеймін, алайда өтініш беруге бір нәрсе кедергі болды. Мен білетін бағдарламаның жеңімпаздары өте ақылды болып көрінді. Байқаудың ең қиын кезеңі екінші кезең – яғни, топтық сұхбат болды. Толқымай, қобалжымай және де қысылмай қалыпты емес сұрақтарға тікелей жауап беру оңай емес. Сұхбаттан кейін шыққанда бұныда жасап көргенім үшін қуаныш сезімін сезіндім. Қорытындылай келгенде, топтағы ашық әңгімелер мақсатты әрі нәтижелі болды және де жетістікке ынталандырды.
Тағылымдама қалай өтті?
Зертханам Бостондағы балалар ауруханасында орналасты. Нейробиологиялық процестерді зерттейтін профессор Клиффорд Вулфтың жетекшілігімен жұмыс істедім. Тікелей жетекшім доктор Симми Фостер болды. Біз температура мен иммунитеттің молекулалық деңгейде өзара әрекеттесуін зерттедік. Сайып келгенде нәтижесін, мысалы, қабыну аурулары мен депрессияны емдеу кезінде қолдану үшін. Емханаға барып, американдық дәрігерлердің жұмысын бақыладым. Әр түрлі зертханалардағы жастармен және Бостонда білім алып жатқан қазақстандықтармен достасып кеттім. Олармен әлі де жақсы қарым-қатынастамын. Олар маған үйден тыс жерде өзімді жайсыз сезінуге мүмкіндік бермеді, қаланы, оның ең қызықты және көрікті жерлерін көрсетті, пайдалы кеңестер берді.
Тағылымдама кезінде қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
Көптеген ғылыми тәжірибелер өткіздім, ғылыми жарияланым дайындалу үстінде. Бұл менің жұмысымның ғана емес, сонымен бірге бүкіл команданың жұмысының нәтижелерін қамтиды. Иммундық жүйе мен ауырсынудың байланысын зерттеумен айналысқан тағылымдамадан кейін, нақты осы саладағы зерттеулерге қызығушылық таныта бастадым. Бакалавриат бағдарламасында диссертация жазу барысында, гемофилиямен ауыратын науқастарда гендік терапияға иммундық жауап туралы жобамен жұмыс істей бастадым. Алайда, енді ғана түсінгенім, ғажайыпты күтпей, сол ғажайыпты өзіміз жасауымыз керек!
С момента стажировки прошел уже почти год, что интересного произошло за это время?
Медицина мектебінде оқуымды жалғастыраудамын, сонымен бірге, клиникалық зерттеулердің жаңа бағыттарын зерттеймін және пациенттермен жұмыс жасаймын. Теориямды практикамен ұштастыру зерттеу тәжірибесін алуыма көмектеседі. Медицина қызметкерлері әдетте пациенттерді дайындалған хаттамаларға сәйкес емдейді, ал ғалымдар аурудың себептерін түсінуге тырысып, оның негізгі тетіктерін зерттейді. Мен зерттеулер жүргізе отырып, ғылыми ашылымдар мен медициналық араласуды тиімді үйлестіруді үйрену үстіндемін.
15.06.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 187