Әділ Темірғалиев
Мамандығы: жасуша биологиясы. Тағылымдама: Макс Планк медициналық зерттеулер институты, Германия.
Балалық шағында Семейлік болашақ биолог сурет салуды және супер қаһармандарды ойлап табуды ұнататын. Бүгінде Әділ 24 жаста және ол еуропалық молекулалық биология зертханасының докторанты. 2020 жылы бакалавриатта оқып жүргенде Shakhmardan Yessenov Foundation байқауында ғылыми тағылымдаманы жеңіп алып, бір жылдан кейін әлемдегі ең беделді зерттеу институттарының бірінде, Гейдельбергте тағылымдамадан өтті. Бұл қалай болды және қандай нәтижеге қол жеткізді?
Болашақ мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?
Бала кезімде дәрігер болуды армандадым. Маған дәрігерлердің аурудың құпияларын ашып, адамдарды қалай емдейтіні ұнайтын. Сондықтан да, мектеп қабырғасында біздің денеміз туралы көбірек білу үшін биологияны қарқынды түрде оқыдым. Осылайша биологияны қатты жақсы көріп кеттім. Одан кейін университетте профессор Иван Андреевич Воробьевтің зертханасынадағы жұмыс тобына қосылдым. Оның басшылығымен және тәлімгерлігімен жұмыс жасай отырып, жасушалық биологияның барлық ғажабы мен маңыздылығын түсіндім және біртіндеп ғылыммен айналысуды шештім.
Yessenov Foundation байқауына қалай дайындалдыңыз және қатыстыңыз?
Аталмыш байқау туралы әр түрлі бағдарламаларға қатысқан достарымнан білдім. Мен де ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш бердім. Бірнеше рет. Алайда менде көп тәжірибе болмады, содан кейін өзімнің немен айналысқым келетінін анық түсінбедім, сондықтан тек үшінші талпыныстан кейін ғана өттім. 4-ші курста механобиологияны жақсы көретінімді түсіндім және бұл салада маған не пайдалы болатынын зерттей бастадым. Ол мақсатқа жету үшін жаспар құрдым. Онда мен жұмыс істегім келетін зертханалардың тізімі және игергім келетін қажетті техникалық дағдылар болды. Мұның бәрін байқаудың финалында өткен сұхбатта айттып бердім. Алдын ала дайындалған жоспардың арқасында өзімді сенімді сезіндім. Менің ойымша, зерттеу тәжірибем, нені қалайтынымды нақты білу сияқты бұл да жеңіске жетуіме көмектесті.
Байқауға қатысушыларға тағы қандай кеңес бере аласыз?
Түрлі байқауларға қатыса отырып, жиі кері жауап алатынмын. Бұл да құнды тәжірибе. Болашақ жеңімпаздарға бірнеше рет естігендерін қайталай аламын: бір нәрсені білудің жалғыз жолы – оны сынап көру. Сізге қол жетімді емес болып көрінетін профессорларға немесе зертханаларға жазудан қорықпаңыз.
Тағылымдамаға қалай дайындалдыңыз?
Пандемияға байланысты зертхана табу қиынға соқты. Сапарларға шектеулер қатаң болды, тіпті бір сәтте үмітімді жоғалта бастадым. Бірақ отбасым мен достарым қолдау көрсетті. Күн сайын әр түрлі елдерге саяхат ережелерімен танысып, зертхана іздеп, ең жақсысын табу үшін олардың ғылыми жарияланымдарын оқыдым. Тағы да бір мәрте жұмыстағы дәйектілік пен табандылық бәрінің кілті екеніне көз жеткіздім.
Тағылымдаманы қалай өттіңіз?
Тағылымдамам алты айға созылды, өйткені мен ғылыми басылымға кіре алатын нәтижелер алғым келді. Басты қызығушылығым жасушалардың механикалық қасиеттерінің өзгеруін зерттеу болды. Физикалық факторлардың негізгі жасушалық процестерге қалай әсер ететінін түсіну үшін оларды зерттеу өте маңызды. Профессор Ада Кавальканти-Адамның жетекшілігімен жұмыс істедім. Ол механобиология саласындағы жетекші мамандардың бірі, ал оның зертханасы өзінің іргелі жұмыстарымен танымал. Мен интегриндерды кластерлеу (топтау процесі) (жасуша рецепторлары) жасушалардың ұжымдық көші-қонына қалай әсер ететінін зерттедім.
Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Зерттеуде жасушалық биология, химия және нанотехнологияның үйлесімі бар тәсіл қолданылды. Тағылымдаманың соңына қарай, біз жараны сауықтыру процесіндегі интегриндердің іргелі рөлі туралы көбірек түсінуге көмектесетін алдын ала, бірақ көп үміт күттіретін нәтижелерге қол жеткіздік. Көптеген жаңа нәрселерді білдім, жаңа технологиямен жабдықталған зертханаларда зерттеу жүргізуді үйрендім. Ал институттың дәрістеріне қатысу бірінші дәрежелі ғылымның қалай жұмыс істейтінін көруге және әлемдік деңгейдегі ғалымдармен танысуға мүмкіндік берді. Зертхананың пәнаралық болғаны өте қатты ұнады. Әртүрлі ғылыми пәндердің өкілдерімен жұмыс істеу мені кеңірек ойлауға және мәселеге әртүрлі көзқараспен қарауға үйретті. Жалпы, тағылымдама менің өмірімдегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды деп айта аламын. Зерттеу, таңғажайып сапарлар, жаңа достар, әріптестер, шабыт және жаңа мүмкіндіктер. Механобиологияға дегем қызығушылығым арта түсті және қай бағытта жылжу керек екенімді түсіндім.
Бос уақытыңызда немен айналыстыңыз, қалай демалдыңыз?
Саяхаттадым, басқа мәдениетті зерттедім. Институт кеңсесі Германияның ең жылы және әдемі қалаларының бірінде орналасқан. Сонымен қатар, Гейдельбергте EMBL, DKFZ және ZMBH сияқты көптеген ғылыми институттар бар, онда әлемнің ең үздік ғалымдары жиналған. Берлинге бардым, Рождестволық демалысымды Прагада өткіздім. Көптеген көрнекті орындар мен мұражайларға баруға мүмкіндік болды. Осы қалаларда оқитын немесе жұмыс істейтін қазақстандықтармен кездестім.
Алдағы жылдарға жоспарларыңыз қандай?
Еуропалық молекулалық биология зертханасының докторантурасына оқуға түстім. Т жасушаларының көші-қонын зерттеумен айналысудамын. Болашағымды Академиямен байланыстыруды жоспарлап отырмын. Зерттеулерден басқа, сонымен қатар, сабақ берумен айналысқым келеді.
Ғылымдағы мансаптан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Танымал ғылыми әдебиеттерді оқығанды ұнатамын. Соңғы оқыған кітаптарымнан Роберт Сапольскидің «Жақсылық пен жамандықтың биологиясы» кітабы қатты ұнады. Zamandas және DOPE Soz сияқты қазақстандық подкасттарды тыңдаймын. Неміс тілін үйренуді жоспарлап отырмын.
19.10.22, Жетістік тарихы
Көру саны: 252