Әділ Кәрім

Мамандығы: Өндірістік логистика. Есенов шәкіртақысның иегері.

Бір қарағанда, логистика зеріктіретін сала – олай болса, Әділ неге үміт артады? Алайда, 21 жастағы Қазақ-Герман университетінің (DKU) түлегі әлі шешім қабылдаған жоқ. Ол мейрамхана мен барда жұмыс істеді, өйткені тамақ дайындағанды, футболды ұнатады, «Қайрат» футбол клубында ерікті қызметін атқарады.  Осы оқу жылының екі семестрін М.Ромерис атындағы Вильнюс университетінде өткізді. Бүгінгі таңда, COVID-19 пандемиясының кезінде қазақстандық студент немен айналысуда?  

Неліктен логистика?
Логистика адам қызметінің барлық салаларын қамтиды. Бұл білім өмірде немен айналыссамда, маған пайдалы болады.

Неге қызығушылық танытасыз, бос уақытыңызды  қалай өткізесіз?
Мен саяхаттауды, жаңа нәрселерді үйренуді ұнатамын. Литвада оқыған кезімде Еуропаның 16 еліне бардым, ал менде кереметтей қаржы болмады. Бұл жерде, логистиканың ептілігі пайдалы болды – әрқашан ең жақсы нұсқаны табады.

Сіз университеттің «Акустикалық музыка және поэтика клубының» мүшесісіз, бұл нені білдіреді?
Мен ешқандай аспапта ойнамаймын да, өлең де жазбаймын. Ол жерде ұйымдастыру жұмыстарымен айналыстым. Әр семестрде бірнеше рет тақырыптық кештер ұйымдастыратынбыз, мұнда барлығы, соның ішінде мұғалімдер де музыкалық нөмірлер қойып немесе өлең оқи алады. Өткен жылы университет тарихында алғаш рет осындай кештердің бірін ашық аспан астында өткіздік, оған 120 адам жиналды.

Өміріңізде ең қиын жолмен неге қол жеткіздіңіз?
Түсінесіз бе, ешкім сізге міндетті емес. Егер бір орында отыра берсеңіз, ештеңеге қол жеткізе алмайсыз, әрқашан жайлылық аймағыңыздан шыға білуіңіз керек. Отбасындағы үлкен ұл және немере ретінде маған бұл қиын болды. Менде жалқаулық және бәрі онсызда өте жақсы деген сезім болды.

Әрдайым бір нәрсеге қол жеткізу керек пе?
Егер көп нәрсені қаласаңыз, онда көбірек әрекет жасаңыз. Қорықпаңыз.

Ал Сіз бұл қиындықты қалай жеңдіңіз?
Өз ортама түзетулер енгіздім, мені қолдайтын адамдар пайда болды, олардан жаңа нәрселерді үйрендім. Ол санатқа жатпайтындармен, араласуды тоқтаттым.

Есенов атындағы шәкіртақы байқауы несімен есіңізде қалды?
Қобалжыдым, ал шынымды айтсам, аздап скептицизммен өтініш бердім, бірақ бекер болып шықты. Іріктеудің барлық кезеңдерінде өзімді жайлы, сенімді сезіндім. Алайда, жеңіске жеткенде таң қалмадым десем, өтірік айтқаным болады. Басқа да жеңіске үміткерлерді бақылап, іріктеуден өту қызықты болды. Оларды тыңдадым: әрқайсысының өзіндік тарихы, мақсаттары, болашаққа деген жоспарлары бар.

Шәкіртақы Сізге қалай көмектесті, егер көмектессе?
Вильнюске түскенде, қаржылық жоспарларымды түзетуге тура келді. Шәкіртақының бір бөлігін авиабилеттерге жинап отырдым. Жаңа жыл күні отбасыма тосын сый жасап, Алматыға ұшып келдім. Бұл өткен жылдың ең жағымды және есте қаларлық оқиғасы болды. Шәкіртақының қалған бір бөлігін күнделікті және басқа да шығындарыма жұмсадым.

Оқуды бітіргеннен кейін немен айналысасыз?
Осы күзде Испанияға магистратураға оқуға түсуді жоспарлаған едім, бірақ әлемдегі қазіргі жағдай мені біраз тежеді. Ал жағдай анықталғанға дейін, өз шеберлігімді жетілдіруді жалғастырамын, үнемі қозғалыс сезімін жоғалтқым келмейді. Маған жүйелі түрде және табандылықпен жұмыс істеуді үйрену керек, қазір Photoshop курстарынан өтіп жатырмын. Және, сонымен қатар, теориялық білімімді тәжірибеде қолданғым келеді.

22.02.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 98