Қамқоршылар кеңесі
Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов
Қор құрылтайшысы.Қазақтың көрнекті ғалымы және саяси қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтың ісін жалғастырып келе жатқан Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастаушысы және негізін салушы.
Айжан Есім
Қамқоршылар кеңесінің төрайымыEU Business School (халықаралық бизнес және маркетинг) және University of Westminster (маркетингтік коммуникациялар) жоғары оқу орындарының сәйкесінше бакалавриат және МА дәрежелерінің иегері. Сорбонн-Қазақстан институты магистратурасын жаһандану жағдайларындағы халықаралық диалог бағытында бітірген және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Абай атын. ҚазҰПУ түлегі. Қазақстан Республикасы аумағында экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-жобалар мен старт-аптарды іске асырумен, дамытумен және сүйемелдеумен айналысатын компаниялар тобының инвесторы. Халықаралық “Алматы Марафонының” бастамашысы және негізін қалаушы.
Серік Ахметжанұлы Аханов
2015 жылдың мамыр айынан бастап Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесіЭкономика ғылымдарының докторы, профессор. Мемлекеттік органдарда және қаржы секторында айтарлықтай үлкен тәжірибесі бар. ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кеңесшілер Кеңесі басшысының орынбасары, экономика министрінің Бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар бойынша ұлттық Агенттігінің Төрағасы, Ұлттық банк Төрағасының орынбасары, ҚР қаржы министрінің Орынбасары қызметтерін атқарған.
“Социально-экономическая эффективность общественного производства в условиях интенсификации”, Алма-Ата (1985), “Эффективность общественного производства” Москва (1987), “Национальный капитал” Алматы (2010) және тағы да басқа кітаптардың авторы. Сонымен қатар 100-ден астам макроэкономика және қаржы секторы бойынша ғылыми басылымдардың авторы. Қызметі және биографиясы туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемелерге өту арқылы көре аласыздар (орыс тілінде): Wiki және Academic.
Айгүл Жайдарбековна Имаділдаева
EPAM Türkiye компаниясының Senior инженер-бағдарламашысы, сондай-ақ POWR компаниясының Қазақстандағы кеңсесінің негізін қалаушысы және аға инженері (2019–2025). 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша тәмамдады. 2010 жылы Малайзия технологиялар университетінде ақпараттық технологияларды басқару бағыты бойынша магистр дәрежесін алды. 2013 жылы АҚШ-тағы Pittsburg State University базасында Mini MBA бағдарламасынан өтті.
2011-2016 жылдар аралығында финтех саласында жетекші IT-менеджер және инженер ретінде қызмет атқарды (ForteBank және Home Credit Bank).Айгүл Имадилдаева – «Болашақ» халықаралық мемлекеттік стипендиясының иегері. 2016 жылы АҚШ-тың IT стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының жеңімпазы атанды.
Эльдар Абдулхаметович Ахметғалиев
Технологиялық көшбасшы, сериялық кәсіпкер және қолданбалы математика саласының сарапшысы. Ол жасанды интеллектке негізделген күрделі өнімдерді әзірлеу және оларды нарыққа шығару бойынша терең тәжірибеге ие.
Эльдар — жасанды интеллект пен спорттық аналитиканың тоғысындағы инновациялық MOCAP Analytics стартапының негізін қалаушы. Бұл компания 2017 жылы Sportradar корпорациясы тарапынан сатып алынды. Ол бірқатар венчурлық жобаларда жетекші рөл атқарып, озық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен коммерцияландыруды басқарды, ғылыми зерттеулерді табысты түрде ауқымды нарықтық өнімдерге айналдырды.
Білімі:
PhD — Калифорния технологиялық институты (Caltech)
MS, BS — Мәскеу физика-техникалық институты (МФТИ)
