Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2022
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 20
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн–өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет…
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында қабылданады.
*Өтінімді қабылдау 2022 ж. 25 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.
Көру саны: 433