Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2022

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайнөтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
  3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
  4. Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).

Қосымша құжаттар:

  1. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
  2. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
  3. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
  4. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында қабылданады.

*Өтінімді қабылдау 2022 ж. 25 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.

Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.

Ереже
Downloaded: 513, Size: 82.5 KB
Жеңімпаздар
Downloaded: 212, Size: 12.0 KB

Көру саны: 459