Зерттеулер және технологиялар трансфері
“Зілзалалар және олардың Орталық Азиядағы қауіптері туралы ғылым” атты үш күндік конференция Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-блім беру қорының демеушілігімен, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Қазақстандық Сейсмология институтымен, Ұлттық техникалық университетімен, сондай-ақ «Шекарасыз зілзала» жобасымен бірігіп өткізілді.
Конференция зілзалаларды зерттеумен айналысатын Қытай, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Үндіста, Иран, Италия, Непал, Ұлыбритания елдерінің ғалымдарын жинап, үш мақсатты көздеді:
- Орталық Азиядағы зілзалалардың табиғатын түсіну үшін қолданылатын заманауи әдістерді белгілеу
- зілзалалардың салдарларын жеңілдету үшін стратегияларды талқылау және алмасу форумдарын ұйымдастыру
- ғылыми негіздемелердің үкіметтік құрылымдардың және қоғамның назарына нәтижелі жеткізілуіне қолғабыс ету.
Өткізілетін орын: Қ.И. Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты ( Қабанбай батыр көш., Ш. Уәлиханов көшесімен қиылысы, 69/94)
Көру саны: 332