Yessenov Launch Pad 2023

Сайт бетінің төменгі жағында орналасқан бағдарлама Ережесімен толық танысып шығуыңызды өтінемін! 

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры  hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын  жариялайды.  

ЕГЕР СЕН:

ҚР азаматы болсаң;

Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;

Сенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау болса;

Өзіңнің soft и hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!

Бұл үшін 17.04 бастап 18.05.2023ж. дейін қор сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

жеке куәліктің сканы;

оған қосымша дағдылардың не үшін керек екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;

Түйіндеме/CV.

Қосымша құжаттар:

Үміткердің белгілі бір саладағы жетістіктерін және/немесе мүдделерін көрсететін портфолио және тиісті растауды ұсыну – 3 құжаттан артық емес;

Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;

Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;

Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;

Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;

Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Ереже
Downloaded: 77, Size: 38.1 KB
Жеңімпаздар
Downloaded: 67, Size: 10.0 KB

Көру саны: 161